ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

КОЛЛЕДЖГЕ 100 ЖЫЛ

20:40, 28 қазан 2020

 

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі құрылғанына биыл 100 жыл толмақ.  Ғасырлық тарихы бар білім ордасы, 1920 жылы қызыл мұғалімдер курсы болып ашылған. Қазіргі кезде өңірдегі жетекші орта арнаулы оқу орындарының бірі. Колледждің негізгі мақсаты: кәсіби кадрларды даярлау және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж Қазақстан Республикасының ең үздік  деп танылған 180 колледждің қатарына кіреді.  2018 жылы оқу орны халықаралық аккредиттеуден сәтті өткен. Алдыңғы жылы “Мағжан Жұмабаев жоғары колледж” мәртебесіне ие болды.  Қазіргі таңда, оқу орнында 1294 студент қашықтан білім алып жатыр.

ӘСЕМ ЖАКИНА, ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ӨНДІРІСТІК-ТӘЖІРИБЕ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл білім ордасында саналы саналы ғұмырларын халқымыздың тәуелсіздігі мен мәдениетіне, өнеріне арнаған тұлғалардың білім бесігі. Бұл күнде халқымыздың біртуар ұлы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаев есімі еленген білім ордасының шежірелі, тағылымды тарихы бар. Бұл колледж ел тәуелсіздігі тарихында күрескерлік рухымен, тұлғалы түлектерімен айрықша дараланған білім ордасы.

Студенттерді ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметке тарту мақсатында колледжде IT технологиялар құзыреттілік орталығы құрылды.   Сонымен қатар колледжде 2018 жылдан бастап, Сова басқару жүйесі енгізілді.

САЛТАНАТ САУЫРБАЕВА, ДИРЕКТОРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл сова жүйесі колледжде ЦИФРЛЫҚ білім беру  қорын құруға мүмкіндік береді. Ол электронгдық құжат айналымын қамтамасыз етеді. Колледждің ресми сайтының жұмысқа қабілеттілігін АРТТЫРАДЫ. Сондай-ақ, колледждегі негізгі бүгінгі таңдағы  қашықта білім беру осы платформа арқылы жүзеге асырылады.

Облыста биыл 4 колледж «Жас маман» жобасына қатысты. Халықаралық стандарттар енгізіліп жатқан оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға ел қазынасынан 1,2 млрд теңге бөлінген. Солардың бірі осы М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж. Нәтижесінде  барлық кабинеттер жаңартылды, заманауи жаңа жабдықтар алынды.

ТИМОФЕЙ РОМАНЮК,СТУДЕНТ:

- Бізге білім алуға қазір бар мүмкіндік жасалған. Колледжде бүгінде 3D-модельдеу, мультимедиялық және робототехника кабинеттері жұмыс істейді. Бұрын мұның бірі де болмаған еді.

Биыл колледжде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығында білім алушыларды даярлайтын “Монтесорри”  технологиясы бойынша кабинет дайындалды.

Айгерім СҰЛТАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
20:37, 24 қараша 2020
ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Толығырақ...
БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ -  ҚАШЫҚТАН ОҚУ
20:40, 20 қараша 2020
БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ - ҚАШЫҚТАН ОҚУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...