ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ, МЕРЕЙЛІ НАУРЫЗ! Толығырақ

ҚОСЫМША БІЛІМ БАҒЫТЫНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

18:46, 15 наурыз 2019

Петропавл қаласының оқушылары ұшу аппараттарын құрастыруды, бағдарламалауды үйреніп жатыр. Қазірден беріліп жатқан қосымша білімнің осы түрі келешекте олардың қажетіне жарамақ. Өйткені коптерлер құрылыс, сәулет, ауыл шаруашылығы салаларында бүгіннің өзінде көптеп қолданылуда. Оқушылар сарайында осы тақырыпқа арналған республикалық шеберлік сағаты өтті. 

Бұл қарапайым ұшу аппараты оқушылар мен студенттерге арналған. Мұны көбінесе оқу-әдістемелік көрнекі құрал ретінде пайдаланады.

ДЕНИС ДЕСИНОВ, «GEOSCAN» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНЫ, РФ:

Біз бүгін қарапайым ұшу аппаратын бұзып, құрастыру ретін үйренеміз.  Оны түрлі тәсілмен бағдарламалау жүйесін меңгереміз. Осы аппарат 4 шағын қозғалқыштан тұрады. Ғимараттың ішін бағдарлау модулімен жабдықталған. Фазалық платалары бар. Астыңғы жағына камераларды орнатуға болады. 

Өңір оқушылары планерлік типтегі ұшу аппаратына орнатылған сапалы камерамен жоғарыдан Заречный кентін түсірген.   Ол бейнені өңдеп,  көктемгі су тасқыны кезінде қызыл су басуы мүмкін аумақты анықтапты. 

АРТУР ЯКОВЛЕВ, ДАРЫН  МЕКТЕП –ЛИЦЕЙІНІҢ 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Ұшу аппаратында түсірілген материалды өңдеп, Заречный кентінің 3 өлшемді суретін шығардық  Осылайша біз Есіл өзенінің деңгейі 3 метрге көтерілген жағдайда су басатын аумақты анықтадық. Осы мәліметтерге төтенше жағдайлар департаменті сүйене алады. Біздің қолда бар мәліметтер экономикалық тәуекелдерді азайтып, адам шығынын болдырмауға септігін тигізеді.    

Мақсатымен қолдана білген адамға бұл таптырмас құрал.  Қазіргі таңда жетілдірілген баламалары құрылыс, сәулет,  ауыл шаруашылығы, мұнай-газ секторында, топография, геодезия, энергетика салаларында пайдасын тиігізіп жатыр. Нақтылап айтқанда, онымен санаулы минутта  жердің астындағы пайдалы қазбалар мен тарихи жәдігерлерді анықтауға болады екен. 

ИГОРЬ ЕФАНОВ, «GEOSCAN-KAZAKHSTAN» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

- «GEOSCAN» компаниясының жеке зауытында шығарылатын бұл аппараттар түрлі мақсатта пайдаланылады. Болашақта білікті мамандардың буынын қалыптастыру үшін оларды жастайынан даярлау қажет. ІТ, мехатроника, дрондарды құрастыру   бағыттары бойынша қосымша білім беру заман талабы. Сонда ол университет бітіріп шыққанша дейін бәрін біліп шығады.

Байқаудың нәтижесі бойынша мамандардың көзіне түскен оқушылар жазғы каникульда «GEOSCAN-KAZAKHSTAN» компаниясында тағылымдамадан тегін өтеді. Сонда ұшу апаратарының сан алуан түрін құрастыруды үйреніп, білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ӘСКЕРИ БІЛІМ БЕРУ
14:01, 15 наурыз 2019
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ӘСКЕРИ БІЛІМ БЕРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
20:59, 19 наурыз 2019
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТАҒАМНАН УЛАНБАУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
14:27, 19 наурыз 2019
«ОТБАСЫ» КАБИНЕТІ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...