ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

ҚОСЫМША БІЛІМДІ ДАМЫТУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

20:17, 16 тамыз 2019

Қазақстанда қосымша білімді дамытуға екпін берілмек. Бұл жөнінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Биыл қосымша білімді дамытудың концептуалдық негізі бекітілді. Өкінішке қарай, бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар әзірше көңіл көншітпейді. Қазақстанда қосымша білім беру ұйымдары азайып кеткен. Бұған аймақтардағы білім басқармаларының тікелей қатысы бар. Бейінді ведомстволар бюджет қаражатын үнемдеу үшін осындай қадамға барады екен. Саладағы орын алып жатқан өзгерістер жайлы әріптесім Берік Қасен айтсын.  

Өңірде қосымша білім беру оң жолға қойылған. Бірегей үйірмелердің дені облыс орталығындағы оқушылар сарайына шоғырланыпты. Мұндағы педагогтар екі ауысымда жұмыс істейді. Игі іс жаңа оқу жылында жалғасын таппақ. Сабаққа қатысатын оқушыларды қабылдау комиссиясы қазірден тізімге алып жатыр. 

КӘМШАТ МУСИНА, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Кәмшат мусинаның айтуынша, ел бойынша ІТорталық бізде ғана бар. Роботехника, 3Д прототиптеуден басқа осында бағдарламалау, виртуалдық шындық, интернет, электроника кабинеттері соны техникалармен жабдықталған. Түптеп алғанда, солтүстікқазақстандықтарда техникалық бағытта білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік молынан. Әрі мұның бәрі тегін. Жергілікті оқушылар сарайның әкімшілігі балалардың бойында бұғып жатқан  қабілеттерін жан-жақты дамытуды басты мақсат етіп қойған. Мемлекет басышысы мен тиісті министрлік жер -жерде мемлекеттік- жеке меншік әріптестікті нығайту қажетігін айтқан болатын. Мұндай тәжірибе біздің өңірде  сәтімен жүзеге асырылуда. Мысалы, шілде айының ортасынан бастап «Leader» білім беру орталығы іске кірісті.  Олар шақардың кішкентай тұрғындарына, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына қосымша білімді ұсынып отыр. 

АЙНАГҮЛ ҚАБДІРОВА - ОРТАЛЫҚТЫҢ ӘДІСКЕРІ:

- 6 жастан бастап балаларды 1-сыныпқа даярлаймыз. Бастауыш сыныптар өткен оқу жылында болған бағдарламаларды қайталап, жадындағы білімді жаңғыртады. Сондай-ақ біз сабақ үлгерімі нашар балаларға бағдарламаны меңгеруге  көмектесеміз. 

Ата-аналардың сұранысына сай, білім беру орталығы қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді.  Қажетілік болып жатса, қосымша топтар ашпақ.  Сондай-ақ, мұнда сертификатталған мамандар балалар мен ересектерге ағылшын тілін, шахмат ойнының  әдістерін үйретеді. Ал логопедтер тіл кемістігі бар балалармен жұмыс істейтін болады.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ИТАЛЬЯН ТІЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
20:36, 16 қазан 2019
ИТАЛЬЯН ТІЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар