ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

13:03, 12 тамыз 2019

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ магистратураға түсу емтихандары басталды. Биыл оқуларын жалғастыруға өңірімізден 366 адам ниет білдірген. Сынақ тапсыру мерзімі неше күнге жалғасады, жалпы осы салада қандай өзгерістер бар? Келесі бейнематериалдан толығырақ.

Биылдан бастап магистратураға түсу форматы өзгерді. Енді оқуын жалғастырғысы келетіндер емтиханды ҰБТ форматында тапсыратын болды. Ережеге сәйкес сынақ тапсырушыларға ағылшын, оқуға дайындық және екі арнайы пәндер бойынша білімдерін дәлелдеу қажет. Еске саламыз емтихандар бұл жолы тамыздың 10-нан басталды.

ИРИНА ГОЛОДОВА, ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

- Біз 30 мамандық бойынша магистрларды дайындаймыз. Бұл мамандықтардың басым бөлігі биыл ашылып отыр. Оқуын жалғастырғысы келетіндер саны артуда деп айтуға болады.

Биыл бакалавриатты тәмамдап, оқуын жалғыстыруға бел буғандардың бірі Айнұр Әбілтаева. «Биология» пәні оқытушысы мамандығына оқып шыққан бойжеткен, білімін жетілдіріп, өз кәсібінің нағыз шебері атанғысы келеді.

АЙНҰР ӘБІЛТАЕВА, ТАЛАПКЕР:

- Біздің университетіміз кадрлар даярлау бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. Мұнда біліктлігі жоғары оқытушылар сабақ береді. Оқу орнымыз республикадағы үздік университеттердің қатарына енеді. Сондықтан магистратураға осында түсуді жөн санады.

Биыл магистратураға түсушілерге республика бойынша 7297 грант бөлінген. Ал СҚМУ 81 квоталық грант қарастырылған. Сондай-ақ оқу орны бюджеттік оқыту бойынша жалпы конкурска қатысуы мүмкін. Жалпы  биыл оқуын жалғыстыруға бел буғандардың басым бөлігі филология мен техникалық мамандықтарды таңдаған.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР КЕҢЕСІНІҢ АККРЕДИТАЦИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ
13:08, 15 қараша 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР КЕҢЕСІНІҢ АККРЕДИТАЦИЯСЫНА ИЕ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...