Өңіріміздегі дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған мектептерге өтінім қабылдау басталды. Биыл карантин режиміне байланысты бұл жұмыс 15 мамыр мен 17 маусым аралығында, онлайн форматта өтетін болады.
Қазіргі уақытта Петропавлда 4 мамандандырылған мектеп бар. Ол жерде 1000нан астам бала білім алады. Олар облыстық «білім-инновация» , «лорд» лицей-интернаты мен Әбу Досмұхамбетов гимназия-интернаты. Және өнерлі балаларға арналған музыкалық эстетикалық бейіндегі мамандандырылған білім ордасы. Ал 18 маусымнан емтихан қабылдау басталады. Биыл елімізде алғаш рет өткізілген «Мың бала» республикалық сайысының жеңімпаздарына іріктеу кезінде жеңілдіктер қарастырылады.
АЛМАГҮЛ ОСПАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
- Биыл облыстық дарынды балаларға мамандандырылған мектептерге қабылдау шарттары өзгерді. Карантинге байланысты өтінімдер онлайн форматта, мектеп сайты арқылы қабылданады. Құжаттар тізімі көрсетілген, олар: ата-аналар тарапынан жазылға өтініш, баласының туу туралы куәлігі мен ЖСН. Және 3те4 суреттерін сканерлеп жіберуі тиіс.