ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ 3-ШІ ТОҚСАНДА ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?

17:15, 6 қаңтар 2021

11 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін 3ші тоқсан басталады. Бұл жолы  дәстүрлі форматта оқитындар қатарына 5-9-11 сынып оқушылары қосылмақ. Яғни, өңірдің 34мыңнан астам оқушысы жаңа тоқсанда мектеп қабырғасында білім алады. Қалғандары елдегі жағдай тұрақталғанша қашықтан оқымақ.

БҒМ шешімімен және ата-аналар өтініші бойынша 3ші тоқсаннан бастап 5-9-11 сынып оқушылары үшін өңірде1605 кезекші сынып ашылады.  5 сынып - бастауыш  буын оқушылары сияқты екі топқа бөлініп оқыса, ал 9-11 сынып оқушылары аралас форматта білім алады. Бұл дегеніміз, негізгі пәндердің 70 пайызы мектепте өтсе, қалған 30 пайызы арнайы платформалар арқылы оқытылатын болады.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- 3-ші тоқсанда штаттық форматта жұмыс істейтін мектептер саны 300 адам контингенті бар мектептердің штаттық режимге көшуіне байланысты 60-қа ұлғаяды.Бұл 416 мектеп 34,5 мың оқушыны қамтиды немесе 87,2%.Өзгерістер 5, 9, 11 сынып оқушыларына қатысты болады. Атап айтқанда: 5, 9, 11 сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша кезекші сыныптарда оқитын болады.

Сонымен қатар, 11 қаңтардан бастап   5 адамнан аспайтын топтарда қосымша жеке сабақтар өткізуге рұқсат етіледі.Және мамандандырылған, мектеп жанындағы интернаттардың қызметіне де  рұқсат берілмек. Енді алыс  елді мекендердегі балалар арнайы эпидемиологиялық анықтамаларымен  интернатта тұрып білім ала-алады. Мұнда бала саны өңірде 938. Сонымен қатар, олар үшін асханаларда өз жұмысын бастайды.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ә. Досмұхамбетов атындағы гимназия және   ЛОРД лицейінде  ата – аналардың өтініші бойынша 1-5 сыныптардағы оқушылар кезекші сыныптарда, ал  9, 11 сыныптар аралас форматта оқиды.  5, 9, 11-сыныптардың ауыл оқушылары интернатта тұрады, қала балалары сабаққа күн сайын келіп отырады.  Білім-Инновация лицейінде 9 және 11 сынып оқушылары шаттық режимде, 7-8, 10 сынып оқушылары қашықтықтан білім алуды жалғастыра береді. «Өнер колледжі-музыкадағы дарынды балаларға арналған мектепте 5-9 сынып оқушылары интернатта жатып,мектепте оқиды.  

Өзгерістер колледж студенттеріне де қатысты. Екінші семестрден бастап 1ші курс студенттері үшін оқу аралас форматта штатты режимде ұйымдастырылады. Санитарлық талаптарға сай аудиториялық сабақтардың ұзақтығы 45 минуттан болуы керек. Қалған жоғары курс студенттері мен 14мыңнан астам мектеп оқушысы елдегі жағдай тұрақталғанша қашықтан оқуды жалғастыра бермек.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КІРІСТІ
20:37, 26 қаңтар 2021
СТУДЕНТТЕР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КІРІСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...