Оқушылар сарайының биология үйірмесінің тәрбиеленушілері жасыл өсімдіктерден адам денсаулығына пайдалы хлорофилл шығаруды үйренді. Дәрумен адамның иммунитетіне, асқазанның жұмыс істеуіне, теріге жақсы әсер етеді.
Маргарита Килибаева оқушылар сарайының биология үйірмесіне қатысады. Ұстазы Аида Галихановамен бірге өсімдікті пайдаланып, түрлі зерттеулер жүргізіп келеді. Соңғы еңбектері алое, қияр мен қырыққабат сияқты жасыл өсімдіктерден хлорофилл бөлу. Бұл күн сәулесінің қатысуымен фотосинтез процесін іске қосатын өсімдіктердің жасыл пигменті. Биологтардың айтуынша, оның құрамында адам денсаулығына пайдалы дәрумендер, антиоксиданттар мен емдік қасиеттері бар..Маргарита күннің суығына байланысты бүгін сабағына қатыса алмады.Алайда өз зерттеулері жайында телефон арқылы айтып берді.
МАРГАРИТА КИЛИБАЕВА, ОҚУШЫ:
- Хлорофилді адам жасыл өсімдіктен алады. Алайда, көкөністерді қатты күйінде жегеннен, сұйық биологиялық қоспа пайдалырақ, өйткені ағзаға тез сіңіп, пайлады элементтерді тезірек бөледі.
Хлорофил тамақпен ішілетін биологиялық қоспа ретінде ғана емес, тері күтімі үшін де қолданылады.
АИДА ГАЛИХАНОВА, БИОЛОГИЯ ҮЙІРМЕСІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:
- Алое өсімдігі теріні тазартып, оны пайдалы микроэлементтермен қоректендіреді. Біз алоедан хлорофил бөліп, оны дистерленген сумен араластырып қатырып қойдық. Осылайша бетті сүртіп отыратын кубик жасадық. Балалар өздері пайдаланып, жақсы әсер алды.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты, соңғы кездері хлорофилді қолдану өзектілігі артты. Алайда, дәруменнің бағасы дәріханаларда өте қымбат. Ал оқушылар болса, оны қарапайым заттардан бөліп, пайдаға жаратуға болатытын дәлелдеді.
Әсел ОРАЗБАЕВА