ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ Толығырақ

МЕКТЕПТЕР ЖӨНДЕЛУДЕ

17:52, 11 маусым 2019

Биыл Ақжар ауданындағы 4 мектеп күрделі жөнделіп, есік-терезелері, шатырлары ауыстырылмақшы. Осы мақсатқа қазынадан 226 млн теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары мамыр айының соңында басталып кетті.

Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебінде 132 оқушы білім алады. Соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары мұнда осыдан 42 жыл бұрын жүргізілген екен. 2007 жылы мектеп шатыры жартылай ғана ауыстырылыпты. Биыл білім ордасының электр сымдарын, шатырын, терезесін, сыртқы қас бетін жаңалауға және басқа да жұмыстарды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 95 млн теңгеге  жуық қаржы бөлініпті.

АЙМАН ТӘЖМИЕВА, Қ.ХАДЕСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ЖАҢААУЫЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Оң жақ шатыр қазіргі кезде бізде демонтаждалып, электр сымдары ауыстырылып жатыр. Жалпы, шатырымыз, терезелеріміз, есіктеріміз, электр сымдарымыз ауыстырылатын болады.Жұмыс 23 мамырда басталды. 3 айдың көлемінде бұл жұмыстар аяқталады деп күтіп отырмыз.

Жалпы Ақжар ауданында 2400-ге жуық бала білім алатын 25 мектеп бар. Солардың ішінде 4 білім ордасына  биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

БӨГЕНБАЙ ЖҮРІМТАЕВ, АҚЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жұмысқа 15 мамырдан бастап 4 мектепте де басталып кетті. Ол үшін 226 млн теңге қаржы бөлінді. ПЗД тағы екі мектепке дайындап қойдық.Одан басқа тағы 4 мектепке дайындамақшымыз.

Сонымен қатар спорттық құрал-жабдық сатып алу үшін 25 млн, мәдени іс-шараларға арналған жабдықты да сатып алу үшін 26 млн теңге қаржы бөлінген.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ  ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІНЕ 89 ЖЫЛ
20:48, 20 қараша 2019
ПЕТРОПАВЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ 89 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛАРДЫҢ ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
13:05, 19 қараша 2019
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛАРДЫҢ ОҚУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...