ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН

20:38, 12 маусым 2019

Петропавлдағы өнер колледжін биыл 50-ге жуық түлек бітірді. Ал бүгін «Вокал» мамандығы бойынша білім алған 7 студент білім мен біліктерін соңғы ең маңызды мемлекеттік емтихандарында дәлелдеді. 

Өнер колледжін 12 мамандық бойынша 46 студент аяқтады. «Вокал» мамандығында білім алған түлектер соңғы мемлекеттік емтиханда клалассикалық опера әндерін, шетел романстарын және басқа композицияларды орындады.

РОЗА КӘШЕНОВА, «ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ-МУЗЫКАЛЫҚ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БЕЙІНДЕГІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ» КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Комиссия төрағасының қатарында Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нигматула Харасұлы Кәрімов болды. Бұл-Қазақстанда танымал әртіс, музыкалық өнердің барлық салаларында білім алған. Әрине, біздің түлектеріміз комиссияда осындай атақты адам болатынын біле тұра, жақсы өнер көрсетіп, емтиханды сәтті тапсырды. Бұл-біздің ұстаздарымыздың арқасы.

Коллелджді бітіріп жатқан студенттердің бірі- Жарқын Ибраев. Ол музыка өнерін 3 жасында таңдаған екен. Содан бері осы салының қыр-сырын үйреніп келеді.Бүгінгі маңызды сынақта Жарқын 6 шығарма орындады.

ЖАРҚЫН ИБРАЕВ, «ӨНЕР КОЛЛЕДЖІ-МУЗЫКАЛЫҚ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БЕЙІНДЕГІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ» КЕШЕНІНІҢ ТҮЛЕГІ

Бүгінгі күні өнер колледжінде 400-ден астам адам білім алып жатыр. Бұл білім ошағынан түлеп ұшқан студенттер бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, ТМД сахналарында өнер көрсетіп жүр. Олардың ішінде Ресей елінің еңбек сіңірген әртісі Ирина Мореваны айтуға болады. Тағы 30-ға жуық түлек «Астана-Опера» театрында аянбай еңбек етіп келеді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...