ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

17:52, 12 қараша 2018

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде берекесі мен бірлігі жарасып, рухани байлық пен саналы тәрбиені ту еткен әулеттер арасында «Мерейлі Отбасы» байқауы ұйымдастырылды. Дәстүрге айналған сайыста биыл 7 топ бағы мен бабын таразыға салды. Сайыс «Тегін білу тектілік», «Өнерлінің өрісі кең», «Қызық екен» интелектуалдық ойыны сынды кезеңдерден құралды.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен Назарбаев Зияткерлік мектебінде адами құндылық пен халқымыздың сарқылмас рухани қазынасын насихаттауға баса мән беріледі. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» сайысының көздегені де осы. Өткен жылы аталған шара бірлігі мен берекесі, өнегесі мен парасаты жарасқан 5 отбасының басын қосса, биылғы байқауға қатысуға 7 әулет ниет білдірген.

ГҮЛЗАТ ТЕМІРБЕКОВАТӘРБИЕШІ:

- Өткен жылы алғаш рет «Мерейлі отбасы» байқауын өткіздік. Біздің мектептің интернатында тұратын балалардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болуға тырысамыз. Өйткені балалар оларды ұзақ уақыт көрмейді. Оқушылар осы байқауға белсенді түрде дайындалды. Бүгінгі сайысқа ауылдық жерлерде тұратын әулеттер, еңбек династиялары, көпбалалы отбасылар келді.

Қазылар алқасы әрбір отбасының қазақи дәстүрді берік ұстанып, атадан балаға мирас болған жәдігерлерді сақтауы, шыққан тегін білуі, салауатты өмір сүру салты, еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бойынша баға берді. Сайыс «Тегін білу тектілік», «Өнерлінің өрісі кең», «Қызық екен» интелектуалдық ойыны сынды кезеңдерден құралды. Әрбір отбасы ұйымдастырған көрме де бағаланды. Сайысқа қатысқан 7 команда да бірінен бірі оза шауып өнер көрсетті. Дегенмен,  Тайынша ауданынан келген Жангелді әулетінің жұлдызы ңынан туып, бас жүлдеге ие болды. Отбасының ұйытқысы бұл жеңісті шаңырақтағы бірлік және еңбекқорлықпен байланыстырды. Әсіресе, үйдің кенжесі Дархан өз өнерімен көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етті.

ГҮЛСТАН АЛПЫСБАЕВА, «ЖАНГЕЛДІ ӘУЛЕТІ» ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Әрқашан қолдаймыз балаларды. Балаларға көп нәрсе керек емес. Олардың көңілін аулау, сұрағына жауап беру, қоолдау, қолпаштау, Барымызды саламыз. Бар байлығымыз – балаларымыз.Балаға өмірінің өз қолында екенін, білім өздеріне керек екенін түсіндіреміз.

2 орын Есеновтар әулетіне бұйырды. Аталған топ отбасындағы қазақи тәрбиемен ерекшеленді. Есеновтардың байқауға жауапкершілікпен дайындалғаны айқын аңғарылып тұрды.

ЖАЙНАГҮЛ ЕСЕНОВА, «ЕСЕНОВТАР ӘУЛЕТІ» ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Балалар дайындыққа көп көмектесті. Қолқанатымыз болды. Отбасымызбен шахмат ойнағанды ұнатамыз. Облыстан алған жүлделеріміз бар. Солардың бәрін алып келдік. Біздің отбасымыздағы басты құндылық – адалдық, махаббат, балаға деген сүйіспеншілік. Бір-бірімізге сенім. Балаларды патриоттық сезімге тәрбиелейміз. Отан –отбасынан басталады.

3-ші жүлдені өнер мен спортты қатар алып жүрген Нұрышевтар әулеті иеленді. Талай жарыстарда жолы болып жүрген отбасы мүшелері сахнада да жоғары деңгейде өнер көрсете білді.

«Өнегелі отбасы» номинациясына Қажығұловтар отбасы лайық деп танылса, Рахимберлиндер «Парасатты отбасы» атағына ие болды. Ахметжановтар - «Өнерлі отбасы» аталымының сыйлығына лайық деп танылды. Жандосовтар отбасы - «Ізгілікті шаңырақ» атанды.

Эльмира КӘЛЕНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
20:46, 13 желтоқсан 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...
ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӨЛКЕТАНУ ПӘНІ ЕНГІЗІЛЕДІ
21:15, 12 желтоқсан 2018
ҚАҢТАРДАН БАСТАП ӨЛКЕТАНУ ПӘНІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...