ШҰҒЫЛ! ҚР САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

«NIS CONF» ЖАС КӨШБАСШЫЛАР КІШІ СЬЕЗІ ӨТТІ

21:12, 13 сәуір 2018

Білім қуған жігерлі жастар бүгін «NIS CONF» атты жас көшбасшылардың кіші сьезінде бас қосты. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 жылдық мерейтойы аясында өткен шараға қаламыздағы барлық білім ордаларының белсенді оқушылары қатысып, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының қыр-сыры төңірегінде әңгіме өрбітті.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушыларды өзін-өзі басқару Парламенті жұмыс істейді. Оқушылар алған тәжірибелерімен бөлісу мақсатында «NIS CONF» жас көшбасшылар  кіші сьезін өткізді. Негізігі мақсат қала мектептерінің арасында қауымдастықты құру дейді ұйымдастырушылар.

БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Бүгінгі шара «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан», «Білім. Ғылым. Инновация» деп аталатын 3 бөлім бойынша өтті. Бұл секциялардың ерекшелігі бүгінгі таңдағы оқушылардың өміріндегі, мектебіндегі, оқу процесіндегі өзекті проблемалар талқыланды. Яғни, оқушыларға  кейс ретінде проблемалық сұрақтар беріліп, олар өздері бірлесе отырып шешу жолдарын  көрсетті.

ҒАЛИЯ ЗЕЙНЕТЖАН, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Жастар біріксе, бағынбайтын шың, алынбайтын қамал жоқ. Болашақтың іргесін қалайтын да солар. Жиын соңы еркін форматта өрбіп, концерттік бағдарламаға ұласты.

Арайлым ӘЛІБИҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, NIS, конференция, жастар

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ БЕРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
21:18, 17 қазан 2018
АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ БЕРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
21:44, 15 қазан 2018
СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
Толығырақ...