ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТА 34 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛЫП ЖАТЫР

20:37, 11 қаңтар 2021

Мектептердің  5, 9 және 11 сынып оқушылары 11 қаңтарда басталған 3 тоқсанды  ДӘСТҮРЛІ ТҮРДЕ ОҚИДЫ.  Әб Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында бұл сыныптардың 160-тан аса оқушысы парталарына қайта оралды.  Ұзақ уақыт бойы қашықтан оқыған білім алушылармен әріптесім тілдесіп қайтты.

Облыстық гимназия-интернатының  11 сынып оқушысы Мадияр Сағатов Айыртау ауданының тумасы.  Бір жылға жуық уақыт қашықтан білім алғандардың бірі. Мектеп бітіруші басқалар секілді  интернетпен білім алудың біраз қиыншылықтарын бастан өткерген. Сондықтан, Мадияр, мектепке қайта оралып, мұғаліммен тікелей жұмыс істейтіндігіне өте қуанышты.

МАДИЯР САҒАТОВ, ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Осы онлайн форматта бізге мұғалімдер бізге барлық жағдай жасады. Білімімізді толықтай алу үшін. Біз 11 сынып болғандықтан дәстүрлі форматта оқу бізге керек болды. Қазіргі форматта онлайн форматта өткізіп алған білімді толықтырып жатырмыз. Айтиға барғым келеді. Бұл өте қажет мамадықтардың бірі.

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында 5,9,11 сыныптың 160-тан аса оқушысы штаттық режимде оқиды. Оның 90-ға жуығы интернатта тұрса, қала балалары сабаққа күн сайын келеді.  Интернатта бір бөлмеде 4 және 10 жатын орын болса, оның 50 пайызға ғана толық болуы тиіс.

ЕРЖАНАТ БӘКІРОВ, ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Жоспарлы түрде 3 тоқсанды бастадық. Сабақ үдерісі 70 пайызы офлайн және 30 пайызы онлайн  болады. 70 пайызға негізгі пәндер кірді. Дезинфекциялық шаралы жүргізіледі. Сан.пин нормлаары бойнша сағат сайын бөлмелерді тазартып... тазартып отырамыз.

Мектептегі асхана бұрынғыдай жұмысын жалғастырмақ. Оқушылар күніне 5 рет тамақтандырылады. Олардың денсаулығы үшін сынып 2 топқа бөлініп, екі ауысымда оқиды. Санитарлық талаптарға сай сабақтардың ұзақтығы 40 минуттан аспайды.

ӘДІЛБЕК МҰРАТАЕВ, ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

- Оқушылар аз-аздап келіп жатыр, қалып қойғандарға жетіп алуға тырысамыз. Келгендеріне әрие қуаныштымыз, оқушымен былайша отырып, көзбе -көз істеген басқаша, мысалы кейбір сабақтарды түсінесе, қасына келіп, сұрап көрсең болады.

Жалпы облыс бойынша 5,9,11 сыныпбының  34 мыңнан астам оқушысы жаңа тоқсанда мектепте білім алады.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КІРІСТІ
20:37, 26 қаңтар 2021
СТУДЕНТТЕР АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚУҒА КІРІСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...