ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫ ЖӨНДЕУГЕ 33 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

13:05, 5 маусым 2020

«Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жөндеу жұмыстары басталды. Кітпахананың мәжіліс залы мен баспасөз орталығы жаңа кейіпке енбек. Бұл жұмыстарға 33 млн тг қарастырылып отыр. Сондай-ақ, карантин уақытында кітапхана қоры 300 жаңа оқулықпен толыққан. Бельгия корольдігінің елшілігі француз тілінде ондаған кітап сыйлап, әлем әдебиеті залында француз бұрышы ашылп отыр.

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа, заман талабына сай залдар мен коворкинг орталықтары бірінен соң бірі жаңарып отырды. биыл «жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында, кітапхананың мәжіліс залы мен баспасөз орталығында жөндеу жұмыстары қолға алынған. Мәжіліс залы 151 шаршы метрді құрайды. Жоспар бойынша, енді мұнда 100 орын, жылжымалы сахна, лэд экран қойылмақ.

БЕЙБІТГҮЛ ӘБІЛМӘЖІНОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Соңғы рет мұнда 2016 жылы жөндеу жұмыстары өткен еді. Мәжіліс залында  көптеген республика, облыс көлемінде жиындар өтіп тұрғандықтан, шыны керек, заманауи дизайн қажет болды. Жөндеу жұмыстарының іші сұр, ақ түсті, үш деңгейлі  болады. «Мирас Групп» мердігер компаниясы бұл жұмыстарды атқарып жатыр. Баспасөз орталығында линолиум ауыстырылып, қабырғалары жарық түске боялады. Жөндеу жұмыстары тамыздың 1 аяқталады деп жоспарланған.

Пандемия кезінде кітапхана онлайн режимде жұмыс істеп, қашықтан 250ден аса іс-шара ұйымдастырды. Осы кезеңде, облыс оқырманадарына өлкетану тақырыбында 23 мың кітап беріліпті. Кітап қорына тоқталатын болсақ, биыл кітапхана 300-ге жуық кітаппен толықты. Көрмеге Ерік Асқаровтың Кірлеме, менің жүрегім, С. Мұқанов шығармалары, Ли Якокканын Карьера менеджера, Томас Карленың Бизнес процессы сынды түрлі сала бойынша кітаптар қойылды.

ЖАНАТ МҰХАМЕТЖАНОВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Биылғы жылдың ерекшелігі, Бельгия елшілігі бізге француз тілінде кітаптар сыйға тартты. Француз тілінің бір бұрышы ашылды деп айтуға болады. Бельгия елінің әдебиетімен, мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды оқырмандарымыз. Белгілі өңіріміздің жазушылары, оныңда бөлек шығарларын шығармаларын қайта зерттеп, қайта басылған шығармалары бар арнап тақырыптық көрме ұйымддастырдық.

 «Абайтану.  Таңдамалы еңбектер» атты Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 36 томдық жинақ биыл жарық көрді. Енді  көп томдық басылыммен облыстық кітапханада танысуға болады.  Сондай-ақ, балаларға арналған мынадай электронды қаламсап әкелінді.

Облыстық кітапхана қорында 650 мың әдебиет бар, ал электронды кітапханада 39 мың кітап болса, 2 мыңнан аса газет-журнал сақталған. Сондай-ақ, жыл сайын жаңа оқулықтармен толықтырылып отырады.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
17:23, 30 маусым 2020
КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...