ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОҚУ БІТІРГЕН 309 ҰСТАЗДЫҢ 83% ҒАНА БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ОРНАЛАСТЫ

21:20, 13 наурыз 2019

Жас педагог қандай болу керек? Және олардың жұмысқа орналасуы үшін бар мүмкіндік жасалған ба? Неліктен елдімекендерде маман тапшылығы туындауда? Бүгін оқушылар сарайында өткізілген ток шоуда осы мәселелер  талқыланды. Өңірдегі тәжірбелі ұстаздар жас мамандармен, болашақ мұғалімдермен өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Толығырақ арнамыздың тілшісі тарқатады.

Елбасымыз осы жылды жастар жылы деп жариялау арқылы көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Жоғары оқу орнын  бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуын, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуын қадағалауды тапсырды. Бүгінгі өткізілген ток шоудың негізгі тақырыбы да жас мамандар мәселесіне арналды. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ өңіріміздегі жалғыз жоғары оқу орнына  «Серпін» бағдарламасымен келген 87 түлектің 40-ы ғана, ал жалпы оқу бітірген 309 бітірушінің 83 пайызы ғана облысымыздағы білім ордаларында  қызмет етуге қалыпты.  

АҚМАРАЛ ЫБЫРАЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:

- Жас мамандардың білім беру салаларына барген кезде алдарына бір қиындықтар мен үрейлер болуы мүмкін. Және сонымен қатар әлеуметтік жағыда бар. Өйткені көптеген жас мамандар жұмысқа кірісімен шығу туралы өтініш білдіріп жатады. Ең алдымен әлеуметтік жағы қарастырылуы керек. Біріншіден жалақы мәселесі және екіншіден жас маман ретінде оған әлеуметтік қолдау және әлеуметтік адаптацияда қолдау көрсетсе деймін....

Ал өңіріміздегі М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі бүгінгі таңда 14 мамандық бойынша жастарды  дайындауда. Осы жылдан бастап 7 мамандық ағылшын тілінде  оқытылатын болады. Колледж директорының айтуынша түлектердің 93 пайыззы қала мектептеріне жұмысқа кірген.

ЕРЛІК ЖАНДІЛДИН, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

- Жұмыспен оларды 100 пайыз қамтамасыз етеміз. Бастауыш, мектепке дейінгі білім беру мамандықтарын бітірген студенттер қаламыздың кез-келген мекемесіне жұмысқа кіре алады. "Серпін" бағдарламасы бойынша келген, өз жерлестеріміз болсын оларды елде қалдыру керек...

«Серпін» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласынан келіп, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бітірген  түлектің бірі Гүлжайна Пірімбетова. Өткен жылы оқуын тәмәмдәп, қазіргі күні Мамлют ауданы Бостандық орта мектебінде  қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істейді.  Бойжеткен солтүстікте қызмет жолымды  бастағаныма еш өкінбеймін дейді.

ГҮЛЖАЙНА ПІРІМБЕТОВА, ЖАС МАМАН:

- Мен жас маман болып жұмыс істеп жүргеніме 1 жыл. Жұмысым өзіме ұнайды. Қандай да бір қиындықтар туындаса тәлімгерім көмектеседі.....

Жиынға келген жас мамандар мен студенттерге өңіріміздің тәжірибелі мамандары өз ақыл-кеңестерін  айтты. 

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
14:37, 15 мамыр 2019
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...