ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР ТАБИҒИ САБЫН ДАЙЫНДАЙДЫ

20:48, 26 қараша 2020

Петропавлда оқушылар табиғи таза сабын, косметикалық және медициналық өнімдер дайындауды қолға алды. Бұл балалар оқушылар сарайындағы «Химия құпиялары» үйірмесіне қатысады. Олардың бұл жобалары халықаралық ғылыми байқауға қатысып, бірінші орынды иеленді.  

Дмитри Калугин химия үйірмесіне биыл үшінші жыл келіп жүр. Болашақ мамандығын медицина саласымен байланыстырғысы келетін ол бұл үйірмеде біраз тәжірбие жинамақ. Бозбала биыл Алматы қаласында өткен Айти старс -2020 ғылыми жобасынан бірінші орын алды. Ол бүгін  арнайы құрылғыда қайың қалдықтарынан битулин яғни кристалдық органикалық заттарды  алу үшін тәжірибе жүргізуде.

ДМИТРИЙ КАЛУГИН, ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:

- Мына колбаға 90 пайыздық этил спиртін құямыз. Ал жоғары жағындағы ыдыстарға қайыңның қалдықтарын ұсақтап саламыз. Кейін астынан спиртті қыздырамыз. Спирт конденсацияланып спирттік битулин ерітіндісі пайда болады. Содаң соң спиртін буландырып битулин аламыз.

Химия құпиялары үйірмесіне барлығы 10 оқушы қатысады. Ол аптасына екі рет өткізіледі. Оқушылар мектепте химия сабағынан алатын білімдерін мұнда тәжірбие жүзінде одан әрі дамытады.Үйірме жетекшісі Әлия Хамитқожаева  балалармен битулин органикалық заттарын сабындарға және басқа да косметикалық,медициналық өнімдерге қосып тәжірбие жасап жүр.   

ӘЛИЯ ХАМИТҚОЖАЕВА, ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ:

- Химия лабороториясы сабағында біз өз қолымызбен сабын жасаймыз. Мысалы бала жуындыратын түрлі сабындар бар. Оның құрамы таза болады.  Біз соның құрамына битулинді қосамыз. Битулинді сабынға қоссақ ол одан әрі денсаулыққа пайдалы болады. Қазір біздің мақсатымыз ол пачи жасау. Пачидің құрамына битулинді қосамыз. Сіздер білесіздер әйел адамдардың бірінші көздерінің астына әжім түседі. Ол соның алдын алады.

Үйірмеде оқушылар сонымен қатар түрлі жарақаттарды тез  емдейтін фитожапсырмалар мен күйік шалған жерді жазатын түрлі мазьдар жасауды қолға алды. Бұдан басқа су, ауа және топыраққа түрлі сараптамалар жүргізеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
13:01, 18 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АДАМНЫҢ ИММУНИТЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ДӘРУМЕНДІ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
20:44, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АДАМНЫҢ ИММУНИТЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ДӘРУМЕНДІ Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...