ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРДІҢ КӨМЕГІ Толығырақ

ӨМІРДІ ҚЫЛҚАЛАММЕН БЕЙНЕЛЕГЕН

17:56, 9 қаңтар 2019

Ендігі сюжетіміз өмірді қылқаламмен бейнелеп, суретке жан бітірген талантты да талапты, белсенді жастар жайлы болмақ. НЗМ оқушылары Мерей Төкен мен Айза Омаровалар тереңдетілген оқу жүйесіне қарамастан, сабақты да өнерді де қатар алып жүр. Бұрымдылар облыстық, тіпті Республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Өмірдің жаңа белестерін бағындырғысы келетін жеткіншіктердің туындыларын тамашалап қайттық.

Мерей Төкен НЗМ 10б сыныбында оқиды. Осыдан 4 жыл бұрын қолына қылқалам алған бұрымдының бүгінде 10-нан астам туындысы бар. Картиналары бір-бірінен асқан әдемі әрі терең мағыналы. Мерей өз суреттерінде қоғамдағы өзекті мәселелерді бейнелеуге тырысады. Осы арқылы өмірде болып жатқан оқиғаларды жұртшылыққа жеткізуді көздейді. Мысалы мына картинасы «Антисоғыс» деп аталады.

МЕРЕЙ ТӨКЕН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Мен бұл картнаны аяқтауға жақынмын. Көбінесе мен әлеуметтік тақырыптарға сурет салуды ұнатамын және бұл картина антисоғыстық пропаганда ретінде жазылған. Мұндағы негізігі нысан ол көгершін және клевер өсімдігі олар бейбітшілік пен татулықты білдіреді

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

Мынадай картинаны салу үшін кем дегенде екі – үш ай уақыт кетеді. Бұл картинаның мағынасы өте терең. Көріп тұрғандарыңыздай ақ көгершін бейбітшілікке жол бастауда, сондай-ақ адам мен иттің бейнесінде достық рәмізделген.

Тағы бір талантты жас Айза Омарова. 5 жасынан сурет салумен айналысады. Бойына дарыған өнерін осы кезге дейін шыңдап келеді. Айзаның шығармашылық жолында 30-ға жуық туынды бар. Болашақтағы арманы танымал дизайнер болу.

АЙЗА ОМАРОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Мен жас кезімнен бастап үстел басында отырып өз киімдерімнің дизайнын ойластырып сурет салдым. Тақырып таңдаған кезде өзімді шектемеймін яғни ұнаған заттарымның барлығын сала беремін. Жалпылай айтсам адамдардың бет келбетін портреттерін салғанды ұнатамын. Сондықтан да бастаған тағы бір туындым. Оның моделі ретінде Қазақстандық модель Ая Шалқарды алдым.

Екеуі де тереңдетілген оқу жүйесіне қарамастан, өнерді де сабақты да қатар алып жүр. Оған қоса қалалық деңгейдегі, мектеп қабырғасындағы түрлі шараларға белсене қатысады.

НАЗИРА СӘДУАҚҚАСОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ӨНЕР ПӘНІНІҢ  МҰҒАЛІМІ:

Жалпы қыздар өте еңбекқор қыздар. Олардың талпыныстары алдымен шығармашлық жобаларда белгілі бір нәтиже көрсеткен кезде көруге болады. Олардың мысалы Астана қаласында өткен жылсайынғы НЗМ арасында өтетін «Наурыз кездесулерінде» 200 оқушылардың арасынан жүлделі орын алып келуі міне осыған себеп болды.

Талантты жастар қалалық, облыстық тіпті республикалық жарыстар мен байқауларға қатысып жұртты өз өнерлерімен тәнті етіп келеді. Олар мұнымен тоқтап қалмай шеберліктерін шыңдап жаңа белестерді бағындыруды көздейді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар