ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ӨҢІРІМІЗДІҢ КЛИМАТЫНА САЙ КЕЛЕТІН БАТАРЕЯЛАР

13:27, 12 ақпан 2019

Петропавлда мектеп оқушылары күн сәулесінен қуат алатын жылжымалы батереяларды солтүстіктің климатына сай қылып құрастыруда. Бұл құрылғылар болашақта алпауыт электростанцияларды ауыстыруы әбден мүмкін. Дегенмен оның қазір кішкентай ғана макеті жасалынды. Жас өнертапқыштардың құрылғысымен әріптесім Нұрсұлтан Тілектесов жақынырақ танысып қайтты.

Мына макетті жасау үшін Камила Арсланова 2 жылға жуық уақытын сарып еткен. Жылжымалы үлгідегі күн сәулесінен қуат алатын батереялар қазіргі таңда ешкімге таңсық емес. Мұндай құрылғылар осыған дейін де жасалған. Дегенмен Камиланың еңбегі басқаларынан аздап ерекшеленеді. Ол біздің аймақтың климатына орайластырылған. Панель арнайы датчиктер арқылы күн қай жақтан шықса сол жақа қарай бұрылады да, электр қуатын жинай береді. Тіпті күн бұлтты болған күннің өзінде де жұмысын тоқтатпайды.

КАМИЛА АРСЛАНОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Солтүстік Қазақстан облысы күн энергиясы аз өңірлердің бірі. Егерде болашақта энергитикалық кризис орын алып жатса, осы сынды құрылғыларды қолданатын боламыз. Аймақтың климатын зерттей келе жылжымалы және стационарлы панельдерді салысытырып көрдік. Болжағанымыздай күн сәулесінен қуат алатын батереяның мына түрі тиімді екеніне көз жеткіздік. Осы жетістігіммен тоқтап қалмай, бұл жобаны әрі қарай жетілдіргім келеді. 

Камиланың жетекшісі, физика пәнінің мұғалімі Лариса Овчинникованың айтуынша панельді құрастыру иедеясы күнделікті сабақ барысында туындаған. Өйткені дәріс кезінде қоршаған орта мен таусылмалы табиғи байлықтар жайлы көп әңгімелесіміз дейді ол. Иә расымен де мұнай, көмір және түрлі пайдалы қазбалар күндердің бір күні сарқылары анық. Тіпті қазіргі таңда электр станцияларын қамтамасыз етіп тұрған өзен көлдер де тартылуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап баламалы ресурстарды тиімді пайдалануды үйренген жөн.

ЛАРИСА ОВЧИННИКОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯЕТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:

Қыздар бұл жобаға білек сыбана кіріскеніне 2 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт аралығында панельді бастан аяқ құрастырып шықты. Тіпті жобаның сыртқы көрінісін де комьютердің көмегемімен өздері жасады. Содан соң құрылғыны арнай бағдарламаның арқасында іске қосты. Осы жобаларын олар Республикалық байқауларда да қорғап жүлделі орындар алды.

Әзірге құрылғы толықтай дайын емес. Кейбір бөлшектерін жетілдіру қажет. Дегенмен панельді бастан аяқ жинаған Кмиланың бұл шаруа да қолынан келері сөзсіз. Ұстаздары мен жақындары оның болашақта үлкен жетістіктерге жететіне сенеді. Лайым солай болғай.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСЫМША БІЛІМДІ ДАМЫТУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
20:17, 16 тамыз 2019
ҚОСЫМША БІЛІМДІ ДАМЫТУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...