ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

«ӨРЛЕУМЕН БІРЛЕСКЕН САБАҚ»

13:12, 11 қыркүйек 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында  үкіметке бірқатар мәселелерді жүктеді. Солардың бірі болашақ ұрпақтың білім сапасын арттыру. Осы мақсатта өңіріміздегі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының мамандары «Өрлеумен бірлескен сабақ» жобасын жүзеге асыруда. Мақсат, мектеп мұғалімдерімен бірлесе  ворк-шоп бағытында сабақ өткізу.

Workshop- бұл жаңартылған білім жүйесіне сай оқыту түрі. Бұл жерде оқушылар тарапынан белсенділік пен өзара бірлескен іс-қимыл, өз ойын ашық айта алу  талап етілді. Жоба аясында  бүгін БЭСТ гимназиясымен бірлесе алғашқы ашық сабақ өткізілді. Оқушылар лаңкестікке қарсы күрес тақырыбын қозғап, дәл осы күні 2001 жылы Нью-Йорк қаласында орын алған қайғылы жәйтті еске алды. Бұл күні АҚШ та он тоғыз лаңкес төрт топқа бөлініп төрт рейстік жолаушылар ұшағын басып алған болатын. Басқыншылар  лайнерлердің екеуін Нью-Йоркте орналасқан Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларына бағыттады. Үшіншісін Пентагон ғимаратына бағыттаса, төртінші ұшақ Пенсильвания штатындағы Шенксвилл қаласының маңында құлады. шабуылдар нәтижесінде 2977 адам қаза тауып, 24 адам із-түссіз жоғалып кетті.Бұл тарихтағы ірі террорлық шабуыл болып қалды.   Айта кетейік, ұйымдастырушылар аталмыш ворк-шоп бағытындағы сабақтарды тек қала мектептерінде ғана  емес, аудандарда да өткізуді жоспарлауда.

ОЛЬГА МЕДВЕДЕВА, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

- Бүгін жоба аясында алғашқы рет шара өткізіп отырмыз. Бэст гимназиясының мұғалімдерімен бірлесе 8 сынып оқушыларымен әдебиет сабағын өтеміз.  Юлия Красникованың шығармашылығындағы терроризм мәселелерін  талқылаймыз.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...