ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИНАЛЫСҚА СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНАЛАРДЫҢ 80 % ҚАТЫСТЫ

18:29, 16 мамыр 2018

15 мамыр – халықаралық отбасы күнінде еліміздің барлық оқушыларының ата-аналары білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін балалары білім алып жатқан мектептерде жиналды. Бұл жиыннан солтүстікқазақстандық ата-аналардың  80 % да шет қалған жоқ. Арнамыздың түсірілім тобы Қазақ мектеп-гимназиясында бас қосқан аналар және әкелермен бүгінгі күннің оқушылардың проблемалары жөнінде әңгіме қозғады.

Ел бойынша барлық  ата-аналардың  қатысуымен өтетін мұндай жиналыс игі дәстүрге айналды. Биылғы шара «Білімді ұрпақ – білім берудің сапасы және отбасылық құңдылықтар» деген тақырыпты қамтыды. Әрине, ең алдымен оқушылар білімінің сапасы және жыл қорытындысы сөз етілді. Кейін   тәрбие беру негіздері және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселеріне көшті.

ЖАНАРЖАН СЕКСЕНБАЕВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП  МҰҒАЛІМІ:

Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – әр отбасының бала  тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп, өсу жолдарын ата-аналармен бірге қарастыру, сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру.

Оқу процессін цифрландыру, әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақ тіліне аудару, бағалаудың критериалдық жүйесі, қамқоршылық кеңестерінің қызметі –осының барлығы жиналысқа жиналғандардың талқысына түсті. Ата-аналардың әр қайсысы өзіне қажет деген ақпаратты алды.

ӘСКЕР МҰҚАТАЕВ,  ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біздің мектептің ата-аналары және ұстаздары бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста.Кез-келген мәселені бірлесіп шешуге тырысамыз. Қиындықтар туындап жатса ата-аналар қамқоршылық кеңеске өз мәселелерін айта алады, ал біз болсақ қажет болған жағдайда әкімшілік деңгейнде шешеміз.

2017 жылы өткен жалпыұлттық ата-аналар жиналысының қорытындысы бойынша шараға 37 мың адам қатысқан. Ал осы жылы ата-аналар қауымының 80 % қатысты.

Майгүл СЕЙІЛБЕК, Яна ГЛАДКОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, республикалық ата-аналар жиналысы

Тақырып бойынша материалдар

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ АЯСЫНДАҒЫ  ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
17:58, 10 тамыз 2018
ТАМЫЗ КЕҢЕСІ АЯСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар