ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

СӘБИТ МҰҚАНОВ ЖАЙЛЫ ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

20:44, 23 қыркүйек 2020

Елімізге белгілі жазушы, әдебиеттанушы-сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің С.Мұқанов жайлы «Келбет» атты жаңа кітабы жарық көрді. Жерлес жазушының шығармашылығы мен өмірі, жалпы тағдыры жайлы тың деректерге толы еңбектің тұсауы бүгін облыстық С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында кесілді.

Кітапты толығымен оқып шыққандардың бірі, Сәбеңнің жерлесі Қарақат Шалабаев. Оның айтуынша бұл еңбекте ұлы тұлғаның өмірі мен тағыдыры жайлы толық ақпарат, сондай-ақ кейбіреуіміз естімеген тың деректер жазылған. Осыған қарап автордың терең зерттеулер жүргізгенін аңғарасың дейді ол.

ҚАРАҚАТ ШАЛАБАЕВ, АРДАГЕР ҰСТАЗ, БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ  ҮЗДІГІ:

Совет үкіметі құлып замам өзгерген уаықтта Сәбеңнің атына небір сын, жала, өсек көбейді. Тіпті С.Мұқановтың өзін, шығармаларын әбебиеттен алып тастау керек деген қиғаш пікір туған. Соның барлығына да ғылыми тұрғыдан жауап берген Құлбек Ергөбектің «Келбет» кітабы

Кітаптың тұсаукесері С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті. Өңіріміздің зиялы қауымы мен ақын, жазушылары, қоғам қайраткерлері жиналып дөңгелек үстел басында автор Құлбек Ергөбектің жаңа туындысын жан-жақты талқылады.

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, «KOZYBAEV UNIVERSITY» ПРОФЕССОРЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Өз кітабында автор Сәбит Мұқановтың  ғана өміріне терең бойлап қоймай, оның шығармаларындағы кейіпкерлерге де ерекше көңіл бөлген. Қарапайым мысал бұрынғы «Адасқандар» артынан «Мөлдір махаббат» болып өзгерген романындағы Бәтестің түп тұлғасын анықтап, онымен Алматыда тілдескен екен.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ

Құлбек Ергөбек бұған дейін жерлес жазушы Сафуан Шаймерденовпен бірігіп «Кәдімгі Сәбит Мұқанов» атты естеліктер жинағын құрастырған. Сондай-ақ «Жан жылуы» және «Сәбит тағылымы» атты тағы бірнеше кітап жазған. Бірақ, мына соңғы «Келбет» атты кітабы бұрынғыларынан ерекшеленеді. Өйткені бұл еңбегінде автор Сәбеңнің шығармашылық лабораториясына терең бойлап, кезінде оған қатысты айтылған сыни пікірлерге тойтарыс беруге тырысады. Бүгінгі дөңгелек үстел қатысушыларының айтуы бойынша әрбір қазақ бұл кітапты міндетті түрде оқып шығуы керек.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 47 МЛН ТЕҢГЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
20:47, 23 қазан 2020
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 47 МЛН ТЕҢГЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...