ШҰҒЫЛ! ҚР САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

СЕГІЗ СЕРІ ШЫҒАРМАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

15:05, 16 сәуір 2018

“Даланың сері ұлы едім”. XIX ғасырда өмір сүрген қазақ әншісі, ақын, композитор Сегіз сері-Қанафия Баһрамұлы Шақшақовтың шығармаларын насихаттау мақсатында өткен  байқау  осылай аталды. Оған мектеп оқушылары қатысты. Сайыс 5 номинация бойынша өткізіліп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды.

Сегіз серінің шығармаларына арналған іс-шара мектеп оқушыларының өз қолдарымен жасаған бұйымдары қойылған көрмені тамашалаудан басталды. Көздің жауын алатын мына заттар көрменің сәнін аша түскендей. 

ТЕМІРЖАН НҰРЫШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ  МҰҒАЛІМІ:

Бүгінгі көрмені ұйымдастырып отырған себебіміз, Сегіз серінің 200 жылдығына арналған. Осы көрмеге бес мектеп қатысып отыр. Қалалық классикалық гимназия, Қожаберген жырау атындағы 6-шы мектеп. Осы мектеп оқушылары көрмені ұйымдастырып, 5-шы сыныптан, 11-ші сыныпқа дейінгі балалардың көрмеге әкелген бұйымдары қойылған. Көрмеге әр-түрлі заттар қойылды. Солардың ішінде қолмен жасалған, ағаш бұйымнан, қыздардың істеген заттары да қойылған.

“Даланың сері ұлы едім” байқауына өңіріміздің бес білім ордасының өкілдері қатысуға ниет білдірген. Олар өз кезегінде ақынның шығармаларын жатқа оқып, Сегіз серінің әндерін әуелетті.

ГАУХАР ТЕМІРБАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

- Бұл байқаудың негізгі мақсаты Сегіз сері Шақшақовтың шығармаларын жас ұрпақпен таныстыру және бойларына сіңіру. Және де бабамыздың бойындағы барлық жақсы қасиеттерді оқушылардың бойларынан көре білу. Бұл байқау негізінен 5 номинация бойынша өткізіледі. Бір номинация бұл ғылыми жоба яғни Сегіз сері Шақшақовтың шығармалары бойынша оқушылар өздері жазып келген жобаларын қорғайды. Екіншіден  Сегіз сері Шақшақовтың өлеңдерін жатқа оқулары тиіс, ол өлеңдердің саны 30-дан кем болмауы тиіс. 

Бұл күні оқушылар өз білімдерін ғана емес, мергендіктерімен ептіліктерін де сынап көрді. Көнеден қалған ұлттық ойындарымыз дәріптелген осы күні, асық ату ойыны да  ойнатылды. Қалалық  қазақ мектеп-гимназиясы мен қалалық классикалық гимназия мектептерінің оқушылары сынға түскен ойында соңғылары 3:1 ұпай айырмасымен жеңіске жетті.

Ал мына аудиторияда ақынның өлеңдерін жатқа айтатын кіл мықтылар жиналған.  Солардың бірі Ырысты Бабикова. ол осындай байқауға алғаш рет қатысып отыр. Алайда , ақынның өлеңдеріне деген сүйіспеншілігінің арқасында жүлделі орыннан көрінетініне сенімді.

ЫРЫСТЫ БАБИКОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ 

Сегіз сері солтүстікқазақстан облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Оның көптеген өлеңдері, осы біздің шаққа жетіп отыр. Онің өлеңдерінде ерекше бір мән сақталған. Оны қазіргі кездің балалары  өте жақсы бір сезіммен оқыйды. Маған Сегіз серінің ең қатты ұнаған өлеңдерінің бірі ол ғауһартас. Осы өлеңінде ол өзінің еліне деген сүйіспеншілігі, махаббатын білдіреді. Оның осы көптеген өлеңдері осы өзінің туған жеріне,еліне байланысты. Оның Ақбақай, Ақбұлақ, Назқоңыр өлеңдері осы біздің шаққа жетіп отыр.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, “қазақ өнерінің майталманы” номинациясында  жүлделі бірінші орынды Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің 6-шы сынып оқушысы Эльнара Балғабай  еншілесе,  ал екінші орын Жұмабек Ташенов атындағы №20 мектептің 7-ші сынып оқушысы Ырысты Бабиковаға бұйырды. Сонымен қатар ән-көңілдің ажары және ғылыми жобалар сайысында Әбу Досмұхамбетов атындағы  гимназия мен қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары үздік деп танылды.

Ринат АЙТЖАНОВ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтарСегіз сері-Қанафия Баһрамұлы Шақшақов, шығармашылық, ақын, композитор, оқу-білім

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ БЕРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
21:18, 17 қазан 2018
АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ БЕРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
21:44, 15 қазан 2018
СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІМЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ
Толығырақ...