ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ЕЛДЕРІНЕ ОРАЛАДЫ

17:25, 19 мамыр 2020

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де қазіргі уақытта  Үндістан мемлекетінің 168 азаматы білім алуда. Елімізде жарияланған тж кезінде олар, жатақханада тұрып, санитарлық талаптарға сай, қашықтан білім алды. Университет тарапынан шетелдік студенттер азық-түлікпен және тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Оқу жылы аяқталғасын Үндістанның  азаматтары елдеріне қашан жіберіледі? Келесі  бейнематериалда. 

Облысқа осыдан 2 жыл бұрын оқуға келген үндістер жалпы медицина мамандығы бойынша білім алады. Олар елімізде енгізілген тж режимінде басқа студенттер секілді  онлайн түрде, зум бағдарламасы арқылы оқыды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, шетелдіктерге жатақханаларынан сыртқа шығуға рұқсат жоқ.

СВЕТЛАНА МИХАЙЛОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ  ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Облысымыздың бас санитар дәрігерінің қаулысына сай олар қатаң санитарлық талаптарды сақтады. Мұғалімдермен онлайн байланысқа шығып, жоспарға сай білім алды. Карантин басталмас бұрын олардың 6-ауы денсаулығына байланысты елдеріне жіберілген еді. Шекаралар жабылғаннан соң, олар қайта келген жоқ.

Қазіргі уақытта медицина мамандығының студенттері жазғы сессияларын тапсырып жатыр. Оқу жоспарына сай олардың емтихандары мамыр айының 28сі толық  аяқталады. Елдеріне оралу үшін құжаттарын да дайындап қойыпты. Тек елшілік тарапынан рұқсат келсе болғаны дейді-, университет әкімшілігі.

РОБИН ПАРМАР, ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА МАМАНДЫҒЫНЫҢ 2-КУРС СТУДЕНТІ:

- 2 жарым ай көлемінде жатақханадан шыққан жоқпыз. Әрине қиын болды. Алайда, сабақ оқып, спортпен айналысып уақытымыз өтті. Ата-анамызды сағындық. Жағдай тұрақталса, елімізге ораламыз.

Шет ел студенттері үшін жатақханада бар жағдай жасалған. Олар бұл жерде спортпен де айналыса алады. Жалпы  карантин уақытында тек үндістер ғана емес, foundation  факультетінде оқитын 30 азаматта   жатақханада қалған. Аталмыш факультетте  Қытай, Өзбекстан мен Моңғолия елдерінен келген 50ден астам студент дәріс тыңдайды.

 ШАЛҚАР ЕСБОЛАТ, FOUNDATION ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТЫҢДАУШЫСЫ, ҚХР:

- Карантин режиміне сәйкес біз қашықтан оқыту сабақтары болып жатыр. Жатақханада апайлармен зуум  бағдарламасы арқылы күнделікті сабағымызды оқып жатырмыз. Барлығы жақсы. Жатақханада апайлар мен университеттің қамқорлығы жақсы. Апта сайын продукты жеткізіп берді.

Үндістан елінің азаматтары СҚМУ 10 оқу корпусында, ал foundation  факультетінің студенттері 3 жатақханаға  орналастырылған.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

СӘБИТ МҰҚАНОВ  ЖАЙЛЫ ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ
20:44, 23 қыркүйек 2020
СӘБИТ МҰҚАНОВ ЖАЙЛЫ ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...