ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

СҚМУ БАКАЛАВРИАТЫНА 1072 ГРАНТ БӨЛІНДІ

15:42, 8 тамыз 2018

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия жұмысын аяқтап, білім гранттарының иелері анықталды. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ биылғы оқу жылында 1072 талапкер тегін білім ала алады. Оған қоса биыл алғаш рет облыс әкімінің 75 білім гранты бөлініп отыр. 

Соңғы қоңырау сыңғырлап, мектеп бітіру кеші өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеу мен емтихандар тапсырылды. Әр түлектің    арманы өз есімін білім гранты  иегерлерінің  тізімінен көру.  Осындай   қуанышқа кенелгендердің бірі   Ғ.Мүсірепов ауданының оқушысы Альмира Қойшығұлова болды. Ол үшін  бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістеме мамандығында тегін білім алуға мүмкіндік туып отыр. 

АЛЬМИРА ҚОЙШЫҒҰЛОВА - ТАЛАПКЕР

- Мен тестілеуде  биология мен  география пәнін таңдап, жалпы 80 ұпай жинадым. Бала кезімнен ұстаз болуды армандаған едім. Арманыма бір қадам жақындадым. Грантқа өтіп, тегін білім аламын. Өте қуаныштымын.

Биыл университет бакалавриат бойынша 1072 республикалық грантқа ие. Оның басым бөлігі, яғни  595 грант – білімге бөлінсе, содаң соң техникалық және  ауыл шаруашылығы  мамандықтарына  басымдық берілген. Білім ордасындағы жаңа мамандықтардың бірі - жалпы медицина  бойынша   12 адам  тегін  оқымақ  .  Республикалық гранттан бөлек,  алғаш рет облыс әкімінің 75 білім гранты  берілді, демек, әлі де 75 талапкердің бағы жанбақ.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА  - ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ

- Облыс әкімінің білім грантының басым бөлігі  білім саласына, медицинаға 16, оның 8-і қазақ тобына, 8-і орыс тіліндегі оқу бөліміне берілмек.  Бұл гранттардың артықшылығы, студент оқуды тамамдаған соң, облысымыздың аудандарында жұмыспен қамтылмақ.

Грантқа ие болған болашақ студенттерге шәкіртақы төленіп, жатақхана берілмек.  Айта кеткен жөн, құжаттарды қабылдау жұмыстары тамыздың 25-іне  дейін жалғасады.

Жанбота Сентаева

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮМЕНДІКТЕР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА КІТАПТАР СЫЙЛАДЫ
18:00, 15 қараша 2018
ТҮМЕНДІКТЕР ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА КІТАПТАР СЫЙЛАДЫ
Толығырақ...
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:59, 14 қараша 2018
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ  500 КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ
17:56, 14 қараша 2018
ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ 500 КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...