ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

СТУДЕНТ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНА ОҚЫҒАН КЕЗЕҢІН ҒАНА ЕҢБЕКПЕН ӨТЕЙДІ

20:35, 30 қыркүйек 2020

Түлектерге артық талап артпау керек. Білім беру бойынша жаңа заң жобасын мақұлдаған Мәжіліс депутаттары осылай деді. Құжатта студенттер оқу гранты негізінде қанша жыл оқыса, сонша уақыт қана өтеуі тиіс делінген. Яғни қазіргі талап бойынша бекітілген 3 жыл мерзімді оқу ұзақтығына қарай өзгерту мәселесі көтерілді.

Зухра мемлекетке 1 млн теңгеге жуық ақша қарыз. Бұл оның грантта оқығанының өтемі. Осыдан 8 жыл бұрын педагогика және психология мамандығы бойынша оқуға түседі. Бастапқыда ақылы негізде, ал соңғы курста грантқа ауысқан. Бірақ, шартқа сәйкес дипломмен жұмыс істемеген. Ал талап бойынша 3 жыл өтеу керектігін мойныма айыппұл ілінгенде бірақ білдім,-дейді.Содан бері есепшоттары бұғатталған.

ЗУХРА МАМАШ, ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- 2 жылдың ішінде маған ешқандай смс, ескертулер келген жоқ. 2018 жылы сол хат келгенде аяғым ауыр болатын. Баламды босанатын шақта келді. СКЛ Қазіргі таңда штрафтың көлемі 940 мыңға жетті.

Зухра сияқты грантта 1 жыл оқып, қарызын еселеп өтеп жүргендер көп. Бұл әділетсіз,-дейді мәжілісмендер. Депутаттар білім беру бойынша жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Олар енді студент бюджет есебінен қанша жыл оқыса, сонша жыл ғана жұмыс істеуі керек,-деп отыр. 

ӘБДІМАНАП БЕКТҰРҒАНОВ:

- Студент алғашқыда грантқа оқуға түседі. Соңғы курста немесе жарты жыл қалған кезде ол ақылы негізге ауысады. Ол ақылы негізде оқу бітіргеннен кейін түлектер жұмысты өтемейді ешқандай. Ал ақылы негізде оқып жүргендер гранттан орын босаған кезде 3-4-ші курс болар олар грантқа ауыстырылады. Олар грант есебінен бітірген соң олар қанша жыл оқығаны қарамайды. Олар 3 жыл жұмысты өтеуі керек.

Бюджет қаражатынан оқытып әрі жұмыс өтеуін талап ету әзірге педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтарына қатысты. Бірақ оның аясын кеңейту көзделіп отыр. Сосын түлектерді тек мемлекеттік мекемелер емес, жекеменшік ұйымдарға да қызметке алу мәселесі өзекті. Ал қаржы орталығының мәліметінше былтыр 12 жарым мыңнан аса түлек жұмысқа жіберілсе, соның 1 мың 400-ге жуығы бас тартқан. Өтемегені үшін 1 млрд 120 млн теңгеден аса қаржы бюджетке қайтарылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕДІ
20:47, 21 қазан 2020
БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТЕДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...