ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕМТИХАНДАРЫ ҚАШЫҚТАН ӨТЕДІ

17:18, 14 мамыр 2020

М. Қозыбаев  атындағы СҚМУ-нің 7 мыңнан аса студенті  11 мамырдан 30 маусымға дейін компьютерлік тестілеу режимінде, шығармашылық және жазбаша түрде қорытынды экзамендерді тапсырады. Студенттердің білімі онлайн және оффлайн түрде сыналады. Сондай-ақ, төтенше жағдай режимі мен карантин мерзімі кезінде 218 студентке жалпы сомасы 19 млн.теңге көлемінде оқудың ақы төлеу мерзімін ұзарту ұсынылған. Жалпы ақтық және қорытынды аттестаттау үрдісіндегі өзгерістер жайлы өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде М. Қозыбаев  атындағы СҚМУ өкілдері  айтып берді. Келесі бейнематериалда толығырақ.

СҚМУ 7155 студенті, оның ішінде 4956 күндізгі оқитын, 353 магистрант, 40 докторант 16 наурызда басталған ТЖ байланысты қашықтан білім алуға көшкен еді. осы кезеңде 500-ге жуық оқытушы 80 мыңға жуық оқу сабағын  өткізген. Дәрістік, практикалық сабақтарды өткізу, СӨЖ тексеру үшін   ZOOM бейне-конференциялары, bigbluebutton платформасы және "E-learning NKZU" университетінің меншікті платформасы пайдаланылған.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ РЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

2020 жылдың 16 наурызында академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарында 16 студент білім алып жатқан еді, оның 10-ы қайтып оралып, оқуын жерпгілікті университет бағдарламасы бойынша онлайн форматта жалғастырды. Ал, қалған алты студент шетелдік ЖОО-да оқуын жалғастыруды ұйғарды.

Брифинг барысында  студенттер онлайн түрде білім алып жатқан кезде, оқудың ақысы біршама неге азайтылмайды деген сұраққа Ербол Исақаев былай деп жауап қайтарды.   

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ РЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұл жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Әрине елде орын алған ТЖ байланысты, барлығымызға бірдей қиын кезеңді өткеріп жатырмыз. Дегенмен, оқудың ақысы азайтылмайды, өйткені, университет қашықтан болса да барлық қызметкерлер мен оқытушылар жұмыс істеді. Қызметіміз бір сәтке тоқтаған емес.  Одан бөлек, орын алған мәселеге байланысты оқу ордасында цифрландыру жүйесін жаңартуды қажет етті. Түрлі жүйелер жаңадан алынған болатын. Сондай-ақ, коммуналдық шығындарды төлеп отырмыз.

Университет ақтық және қорытынды емтихандарды 11 мамырдан 30 маусым аралығында онлайн және оффлайн түрде өткізеді.  

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРДЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Оnline түрде тапсыратын студенттер MOODLE, ZOOM, BBB, Google Classroom сынды платформаларды қолданады. Ал, offline режимінде «E-learningNKZU», электронды пошта, телеграмм, WhatsApp сынды месенджерлер арқылы экзамендерді тапсырмақ.

Сондай-ақ, СҚМУ-да жаңа оқу жылында PR-журналистика, мемлекеттік басқару, экономикада бизнес, география және табиғатты пайдалану  мамандықтары пайда болмақ. Сонымен қатар, университет ректорының міндетін атқарушы Ербол Исақаев диплом тапсыру кезеңі қашан және қалай өтетіндігі әлі белгісіз екенін атап өтті.  

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫ ЖӨНДЕУГЕ 33 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:05, 5 маусым 2020
ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫ ЖӨНДЕУГЕ 33 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА МЕКТЕПТЕР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
13:01, 5 маусым 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА МЕКТЕПТЕР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар