ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ Толығырақ

СТУДЕНТТЕРДІҢ СТИПЕНДИЯСЫ 25% АРТТЫ

17:57, 24 қаңтар 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биылан бастап студенттердің стипендиясы 25 процентке артты. Бейінді министрлік пен жергілікті атқарушы органдар жүктелген міндетті орындады. Студенттер қауымы  шәкіртақының үстемеленгеніне қуанышты. Бұған оқытушылар да дән риза. Айтуларынша, бұдан кейін жастардың оқуға құлшынысы артады. 

Университетте стипендия екінің біріне берілмейді. Оған семестрлік рейтингі 75 баллдан асқандар ғана үміт арта алады. Кешеден бері студенттер банкоматтардың алдында кезек құруда. Көпшілік шәкіртақының көтерілгеніне қуанышты. Емтихандарын жақсы тапсырған Нұрай Төлеген де енді 25 процентке артқан стипендия алады.

НҰРАЙ ТӨЛЕГЕН, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

- Бұл біз үшін үлкен көмек. Отбасымызға да салмақ салмаймыз.  Студенттердің оқуға құлшынысы артады деген сенімдемін.

Биыл магистрантардың стипендиясы 70 мыңға жетті. Бұл сомма кейбір солтүстікқазақстандықтың еңбекақысымен пара-пар.   Магистратурада оқитын Азат Мұхамеджанов шәкіртақы өсті, енді қосымша жұмысты тастаймын дейді.

АЗАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ МАГИСТРАНТЫ:

- Қосымша жұмыс іздемеймін. Еш алаңсыз сабағыма көңіл бөлетін болдым. Мемлекеттің беріп отырған стипендиясы студенттің тамағына, киім -кешегіне жетеді. Мысалы, мен магистратурада оқып жатырмын. Стипендиям 70 мыңға жетті. Қуаныштымын.

Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы – 5200-ге, магистранттардыкі - 13 000 теңгеге, докторантурада оқитындардікі 20 500-ге артты. Колледж оқушылары бұдан былай 20 мың теңгеден артық шәкіртақы алады. Жалпы ел бойынша 300 мың-нан астам адамға стипендия беріледі екен.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
20:45, 28 мамыр 2020
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА 12 МЕКТЕП ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
20:38, 28 мамыр 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕ АРТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
13:01, 28 мамыр 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ЖАҢА РЕФОРМА КҮТУДЕ
Толығырақ...