ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ АХУАЛ Толығырақ

ТАҒАМНЫҢ БАЛҒЫНДЫҒЫН АНЫҚТАЙТЫН ИНДИКАТОР

13:08, 28 қаңтар 2020

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Нәби Ғали тағамның балғындығын анықтайтын ерекше индикатор ойлап тапты. Оның көмегімен өнімнің бүлінген-бүлінбегенін әп-сәтте білуге болады. Қазір жас өнертапқыш бұл өнертабысын әрі қарай жетілдіріп жатыр. Келешекте оны сүт компанияларына ұсынбақшы.  Тақырыпты әріптесім Нұрбол Балғабеков жалғастырады.

Жаңа индикатор  сүт, ет сияқты тағамдардың бұзылғанын, не бұзылмағанын анықтауға мүмкіндік береді. Жас өнертапқыш жобаны жүзеге асыру үшін біраз еңбектенгенін айтады. Бірақ әлі де дамыту қажет.

НӘБИ ҒАЛИ, ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

«Болашақта біз бұл жобаны жетілдіргіміз келеді. Себебі әлі осы индикаторға түрлі стабилизаторлар немесе басқа да химиялық заттарды қосу керек. Бұл индикатор өзі табиғи өнім болғандықтан өзі де бүлініп кетуі мүмкін. Осыны болдырмау үшін әрі қарай жетілдіріп, сүт компанияларына ұсынғымыз келеді.»

Нәбидің индикаторды жасап шығуына биология пәнінің мұғалімі Садат Демеубаев көмектесіп, жобасына жетекшілік етіп жүр. Енді олар өнер табысын толығымен патенттеп алуды көздейді.

САДАТ ДЕМЕУБАЕВ, ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

«Индикаторды сүт қаптамаларына енгізу. Мысалы, сіз дүкенге келсеңіз дүкен сөрелерінде тұрған сүттің балғындығын білмейсіз ғой. Балғын ба, әлде бүлініп кетті ме бұл сүт. Сүт бүлінген кезде сүт қышқылданады.»

Жалпы, индикатор көк болып тұрады екен. Ал, сүт өнімі бұзылған кезде түсін бірден өзгертеді. Нәби Ғали мектепті тамамдағаннан кейін де бұл жобаны әрі қарай дамытып, өмірін осы саламен байланыстырғысы келетінін жасырмады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
17:23, 30 маусым 2020
КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ...
Толығырақ...
ДЕНЕ ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН 4 ТҮЛЕК ҰБТ-ға ҚАТЫСТЫРЫЛМАДЫ
17:23, 29 маусым 2020
ДЕНЕ ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН 4 ТҮЛЕК ҰБТ-ға ҚАТЫСТЫРЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:30, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...