ШҰҒЫЛ! АБЗАЛ ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ТҮЛЕК-2019

20:39, 12 маусым 2019

Биыл облыста 297 мектептІ 3 мыңнан астам түлек аяқтады. Олардың 140-ы Алтын белгі, ал 125-і үздік атттестатқа үміткер. Облыс орталығында орналасқан М.Жұмабаев атындағы гуманитарлы колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп лицейін биыл 38 оқушы бітірді. Олар бүгін салтанатты түрде мектеп бітіру аттестаттарын қолдарына алып,  алтын ұя мектебімен қоштасты.

М.Жұмабаев ат. Гуманитарлы колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп лицейінде биыл 38 оқушы 11 сыныпты бітірсе, ал 42-сі 9 сыныпты тәмәмдады. Алтын ұя мектептерімен қоштасқандардың 2-уі қызыл аттсетатқа, ал тағы 2-уі жылдық қорытынды бойынша кілең 5тік бағаға аяқтаған.

ГАЛИНА ПАРХОМЕНКО, ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осы жылғы мектеп түлектері өте жақсы нәтижемен аяқтап отыр. Әрине оқушыларымызға ақ жол және алда күтіп тұрған үлкен сынақтардан сүрінбей өтулеріне тілектеспіз. Өкінішке орай алтын белгі болмағанымен, олар түрлі олимпиадаларда үздіктер қатарынан көріне білді.

11 жыл бойы мектептегі іс-шараларға белсене ат салысып, республикалық олимпиадалардан   жүлделі орын алғандардың бірі - Әлішер Сағындықов. Бүгін алтын ұя мектебімен қимай қоштасуда. Әлішер мектеп ішілік «Жас дәурен» белсенділер  ұйымының президенті. Осы жылы Өскемен қаласында өткен физика пәнінен республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, өз бағын сынады.Енді өңіріміздегі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқуға түссем деген жоспары бар

ӘЛІШЕР САҒЫНДЫҚОВ, МЕКТЕП ТҮЛЕГІ:

- Осы мектепті оқығаныма мен шын жүректен қуаныштымын. Ұстаздарыма алғыс айтамын.

Балаларының қуаныштарына ортақтаса келген ата-аналар қауымының да қарасы қалың болды. Ұл-қыздарының үлкен өмірге аттаған қадамдарына сәттілік тілеп, ақ тілектерін жаудырды.

ҚЫМБАТ БІРІМЖАНОВА:

- Бүгінгі кү біз үшін ерекше күн. Ең алдымен мектеп ұжымына көп-көп рахмет. 

Айта кетейік, биыл облыста 297 мектепті  3 мыңнан астам түлек бітірді. Олардың 140-ы Алтын белгіден, ал 125-і үздік атттестаттан үміткер. Енді мектеп бітірушілерді алда болатын  үлкен сынақ ҰБТ күтіп тұр.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар