ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ТҮЛЕКТЕР АТТЕСТАТ АЛДЫ

20:39, 3 маусым 2020

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 3296  оқушы мектеп бітірді. Бірақ, елдегі эпидахуалға байланысты аттестат тапсыру рәсімі шектеулі режимде ұйымдастырылуда.  Петропавлдағы нөмірі 20-сыншы қазақ орта мектебін 16 оқушы тәмамдады. Түлектердің қоштасу кешіне тек жақын туыстары мен мұғалімдер ғана қатысты.

Биылғы аттестат тапсыру рәсімі бұрынғыдан өзгерек. Бұрынғыдай ұлан-асыр той болмаса да,  түлектердің салтанатты рәсімде алабұртып  жүргендері анық байқалады. 11 жыл білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебімен қоштасып тұрғандардың бірі – Ұлбике Оңғарова.

ҰЛБИКЕ ОҢҒАРОВА, ТҮЛЕК:

Бір жағынан қуанышты болса, бір жағынан өкінішті. 11 жыл оқыған мектебімізді қимаймыз. Бірақ, бізді алда жаңа, үлкен өмір күтіп тұр.

ӘДІЛЕТ ТҰЯҚОВ, ТҮЛЕК:

- Бүгін, мен үшін ерекше күн. 11 жыл оқыған мектебімді бітіріп жатырмын. Сыныптастарымды құттықтаймын. Сынақтан сүрінбей өтіп, қалаған оқу орнына түсулерін тілеймін. 

Әлемді шарпыған індет, қуанышқа кедергі бола алмайды дейді ұстаздар..Тек, тойлауға, бас қосуға рұқсат етілмейді. 

ДАНИЯР ШӘКЕНОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

- Түлектердің өмірінде бір-ақ рет болатын салтанат болғандықтан, әкімшілік бар, ата-аналар комитеті бар, бірлесіп өткіздік. Санитарлық нормаларға сай. Блокпост, арақашықтықты сақталды. 

Биыл  облыста   мектеп бітірген түлектердің 75 проценті, яғни  2477 –сі ұлттық бірыңғай тестілеуде бақ сынайды. Жалпы өңір бойынша  150 түлек алтын белгі, 113-і үздік аттестат иегері. Ал, бүгін ересек өмірге қанат қаққан жасөспірімдер мектеп ваьсін биелеп, көкке көгершін ұшырды. Ал, мектеп ұжымы тосын сый жасап, оқушыларына арнап ән салды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
17:23, 30 маусым 2020
КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
17:16, 10 шілде 2020
БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...