ШҰҒЫЛ! КӨКТЕМ ЕРТЕ КЕЛЕДІ Толығырақ

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ

13:07, 12 қараша 2019

Қазан айының 28-і Ресейдегі Түмен облысында қазақ  сыныбы ашылды. Ол жақта қазіргі кезде 25 бала өз ана тілінде білім алып жатыр. Түмендегі қазақ балаларына қолдау көрсету және оларға толыққанды білім алуы үшін облыстық білім басқармасы және тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бірлесе отырып 200 кітап сыйға тартты.

Мамандар танымдық, ғылыми, мектеп бағдарламасына қажет оқулықтарды және жерлесіміз Мағжанның жыр жинағын, Ұлы Абайдың қара сөздерін,  «Алаш» қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханов секілді белгілі тұлғалар жайлы жазылған әдебиетті табыстамақ.

ӘСЕМ СҮЛЕЙМЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Болашақта бұл жұмыс жалғасын табатын болады. Тілдерді дамыту кезіндегі басқармасы тарапынан мұндай жұмыстар 2015 жылдан іске асырылып келеді. Бұл бағыт «Тілдерді дамыту мен қолдау» мемлекеттік бағдарламасының тармағы болып бөлектенген. Отандас этникалық қазақтар шетелде тұрып жатқан тұрғындарға оқу-әдістемелік құрал ретінде көмек ұйымдастыру және оларды қамтамасыз еті деген тармағы бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:04, 21 ақпан 2020
ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...