ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҰБТ-ДАН ЕҢ ЖОҒАРЫ ҰПАЙ – 134

21:28, 2 шілде 2019

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ негізінде 24, 26 және 29 маусым күндері ҰБТ өткізілді. Жалпы тестілеуге шаһар бойынша 1306 оқушы қатысуға ниет білдірсе, 125 түлек себепсіз емтиханға келмеген. Емтихан қорытындысы қандай, ең жоғарғы ұпай жинаған кім? Әріптесім тарқатсын.

Элеонора Калганова шаһар мектебінің түлегі. ҰБТ қажетті ұпай жинаған, талапкер, ағылшын пәні мұғаліміне құжаттарын тапсырып жатыр.  Қалаған мамандығын таңдау үшін, Элеонара емтиханның екі кезеңінен өткен. Сұрақтар қиын болды дейді.

ЭЛЕОНОРА КАЛГАНОВА, ТАЛАПКЕР:

- Мен ҰБТ-ның үшінші кезеңінде 68 ұпай, 1 кезеңде де шамамен осыншама ұпай жинадым. ҰБТ-ғ а екінші рет қатысып отырғанымның себебі,  тегін білім алуға грант ұтап аламын ба деп ойлаймын. Жалпы жиған ұпайға көңілім толады, өйткені сұрақтар күрделі болды. Мектеп қабырғасында бізді мұндайға дайындаған жоқ.

2019 жылдың 24 мен 26 маусым күндері биылғы  жылғы мектеп бітіруші түлектер қатысқан. Ал 29 маусым күні сынаққа колледж  түлектері және де өткен жылғы мектеп бітірушілер қатысты. Жалпы тестілеуге 1306 түлек қатысуға ниет білдірсе, 125 оқушы емтиханға себепсіз түрде келмеген. Тестілеудің орташа ұпайы 81.

АЛМАС КЕНЖЕҒАЛИН, ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ең жоғарғы шектік балл 134 деп айтамыз. Бұл облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып табылып отыр. Және де республикада бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады..ең төменгі көрсеткіш ретінде 21 балл деп айтамыз. Бұл жердешығармашылқ емтихан тапсыратын студенттерді есептемейміз. Себебі, олар екі пәннен ғана тапсырады.   ҰБТ барлық нұсқаулықа сәйкес, заң бұзушылықтарсыз өткізілген болатын.

ҰБТ кезінде 381 талапкер өз еркімен ұялы телефондарын тапсырған. Өкінішке орай, 63 мектеп түлегі шекті ұпай 50ді де жинай алмады. Ал, тиісті баллды жинаған мыңнан аса оқушы шілде айының 13  мен 20 аралығында білім грантын жеңіп алу үшін құжат тапсыра алады.  ҰБТ-ның соңғы 4 кезеңі 17 мен 20 тамыз аралығында өтетін тестілеуге шектік баллды жинай алмаған және белгілікті себептерге байланысты емтиханға қатыса алмаған оқушылар қатыса алады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...