ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ҰБТ-ның 5-ші КҮНІ ӨТТІ

20:46, 25 маусым 2020

Облыста 4 күн ішінде 834 мектеп түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Ең үздік ұпай көрсеткіші әзірге, Мичурин орта мектебінің оқушысында, ол 128 бал жинаған.  Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте айтылды. Тақырыпты әріптесім тарқатады.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны маусымның 21-нен басталды. Облыста бұл сынақтан 2910 мектеп пен колледж түлегі өтуге өтініш білдіріпті. Оның 2 жарым мыңға жуығы орта білім ордасын тәмамдаған. 4 күннің ішінде емтиханға 834 түлек қатысты.   

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ең үздік нәтиже Мичурино орта мектебінің оқушысы көрсетті. Ол 128 ұпай жинады. 29-ы 100 баллдық межеден асты. Өкінішке орай, ұялы телефон мен көмекші құралдарын пайдаланған 5 түлектің ұпайы есепке алынбайды. Сондай-ақ, Тимирязев ауданынан 2 оқушы ҰБТ-ға кіргізілмеді.

COVID-19 вирусына байланысты ҰБТ өтетін орындар саны ұлғайтылды. Биыл түлектер 8 арнайы пункте тест тапсырды. Айта кету керек, осы жылы сынаққа өтініштер онлайн форматта қабылданғандықтан, аудиторияға кірмес бұрын, қатысушылар келбет тануға арналған қондырғыдан өтті. 

АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тестілеу өткен аудиторияларда түлектер санитарлық нормаларға сәйкес отырғызылды. Әрқайсысының ара қашықтығы 2 метр болды. Бір аудитория 50 процентке толтырылды. Сондай-ақ, осы жылы ҰБТ-ға 4 сағат берілді. Калькулятормен кіруге рұқсат.

ЖОО түсетін түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 30-на дейін жалғаспақ. Ал колледжді тәмамдағандар бұл сынақтан шілденің 3-не дейін өтеді. 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
17:23, 30 маусым 2020
КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...