ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

ҰБТ-НЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

20:37, 17 қаңтар 2020

Ұлттық бірыңғай тестілеудің 1-ші кезеңі басталды. Естеріңізге сала кетейік енді ЖОО-на түсу үшін тестілеу жылына төрт рет өткізілетін болады. Алғашқы сынақтан  қала және аудандардан келген 1409 оқушы, соның ішінде 24 студент  өздерінің бақтарын сынап көрді. Осы межеден сүрінбей өтіп, тиісті ұпай жинаған талапкерлер құжаттарын өздері қалаған университетке тапсыра алады.

Былтырдан бастап білім беру жүйесіне енгізілген жаңашылдықтардың бірі ҰБТ-ның  төрт рет өткізілуі. Мамандардың сөзінше, өту ұпайы өткен жылдың деңгейінде қалады. Техниалық және ауыл шаруашылығы  мамандықтарына 50, педагогика 60 және медицина мамандығына 65 балл жинау қажет.

ИРИНА ГОЛОДОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

- Аталмыш сынаққа қатысуға қаңтар айының басында 1409 оқушы ниет білдірді. Бұл мектеп бітірушілер мен бірінші семестрді оқып, шартты түрде қабылданғандар санатына түскен студенттер. Бүгін 480 адам тест тапсырмақ. Сынақ нәтижелері шыққаннан соң біз кімнің тестке қатысқан, қатыспағандығын анықтай аламыз. Себебі 1-інші кезеңге қатысып, өз білімін сынау оқушылардың өз еркінде.

Түн ұйқысын төрт бөліп, баллаарының үйдегі дайындықтарын қадағалап жүрген ата-аналарда университеттің алдында жүр. Олар үшін де бүгін маңызды күн.

РАУШАН КЕНЖЕБАЕВА, СМИРНОВО ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз Смирновтан келдік. Бүгін ұлымыз сынақ тапсырып жатыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге жаздан бастап дайындалды. Баламыздың біліміне сенеміз. Барлық түлектерге сәттілік тілеймін.

Бірінші, екінші, төртінші кезеңдерде тестілеу тапсырған оқушылар білім беру гранттарына үміткер бола алмайды. Тек  ЖОО ақылы түрде түсу мүмкіндігіне ие. Ал егерде тегін оқимын десе ҰБТ-ның үшінші кезеңіне қатысып, жоғары ұпай жинау қажет.  Тестілеуге үш сағат 50 минут беріледі. Осы уақыт ішінде түлектер барлық тапсырмаларды орындап үлгеруі керек.

ЕЛДАР ШАМКИН, МЕКТЕП БІТІРУШІ:

- Сұрақтар өте қиын болды. Бірақ жақсы нәтижде болады деген үміттемін. қазақстан тарихында біраз қиналдым. Ұлттық ұлан әскери институтына оқуға түскім келеді.

МАҚСАТ ҚАЗБЕКОВ, МЕКТЕП БІТІРУШІ:

- Ұлттық бірыңғай тестілеу мен үшін оңай болды. Әрине енді кейбір сұрақтарға ойланып жауап беру керек.

Бұл күні 480 оқушы өз білімін сынады. Олардың  300-і орыс, ал 180-і қазақ тілінде тапсырды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:04, 21 ақпан 2020
ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар