ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ҚАЖЕТ ПЕ? Толығырақ

ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ «БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫНА АТ САЛЫСТЫ

21:15, 13 сәуір 2018

«Талантты әдеби шоқжұлдыздар». «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында  ұйымдастырған кездесу осы тақырыпқа арналды.  Біздің облыста мұндай шараның өткізілуі екінші рет. Курс тыңдаушылары оқыған кітаптары туралы пікірлерін әлеуметтік желілерде бөлісті.

Әсел Нұрғалиева Жамбыл ауданындағы Преснов ауылындағы «Айнагүл» балабақшаның педагогы. Тәрбиеші біліктілікті арттыру курсын оқып жүр. Акцияға қатысушы Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты кітабын оқыған екен. Ол өз пікірімен әлеуметтік желілерде де бөлісіпті. Өйткені, ғаламтор - сан алуан ақпарат кеңістігі, біздің жазбамызды көрген адамдар, кітапқа қызығушылық танытуы мүмкін дейді.

ӘСЕЛ НҰРҒАЛИЕВА, КУРС ТЫҢДАУШЫСЫ:

- "Бір ел-бір кітап" акциясы шарасында, осындай жақсы іс-шараға қатысып отырмыз. Осы іс-шара барысында мен осы кітапты оқыдым және өзіме жақсы өмірлік сабақ алатындай мағлұматтар алдым.

Акция аясында Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Шәкәрім Құдайбердіұлының  «Үш анық» атты шығрамалары жайында пікірлесті. Шараның мақсаты - ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік  туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерту, рухани мұрамызды сақтау. Туындыларды оқыған әр азамат әлеуметтік желіде өз пікірін жазып, жазбамен бөлісу  арқылы қоғамның әдебиетке, оның ішінде прозаға, поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай арттыруға мүмкіндік туғыза алады.

ӘСЕЛ СЕКСЕНБАЕВА, «ӨРЛЕУ» БАҰО  СҚОФ  АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

- Бүгін Өрлеу біліктілікті арттыру институтының қабырғасында өтіп жатқан іс-шара «Бір ел-бір кітап» акциясы. Бұл акцияға облысымыздың мектепке дейінгі ұймдарының 25 тәрбиешілері  қатысып отыр. Бұл акция Елбасының жариялаған «Рухани жаңғыру» және «сандық Қазақстан» бағдарламаларын іске асыру аясында өткізіліп отыр.

Курс тыңдаушылары «Бір ел-бір кітап» акциясына қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, білім

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ  ТЕСТІЛЕУ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:51, 26 маусым 2018
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар