ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН 3-ШІ АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ КУРСТАРЫ

13:06, 21 қаңтар 2020

Елімізде ағылшын тілі мұғалімдерінің қазақстандық қауымдастығының және АҚШ жанындағы аймақтық ағылшын тілі кеңсесінің  халықаралық жобасы жүзеге асырыла бастады. Яғни бұдан былай ашық онлайн курстар ұйымдастырылады. Курстарға қатысу үшін алдымен іріктеуден сүрінбей өту шарт. Петропавлда бұл сыннан 24 адам өткен.

Ағылшын тілі мұғалімдерінің республикалық қауымдастығы университет оқытушыларымен тығыз әріптестік орнатқан. Елімізде білімнің көкжиегі жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Бір орында тоқтап қалуға болмайды. Сондықтан ұстаздар үздіксіз біліктіліктерін жетілдіріп жатыр.

ИРИНА ОЛЬКОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ДОЦЕНТІ:

Бұл жобаның түпкі мақсаты- ұстаздардың біліктілігін арттыру. Жалпы, оқу курсы екі кезеңнен тұрады. Ол 4 айға жалғасады. Қатысушылар осы аралықта көптеген жаңашылдықтарды үйренеді деген сенімдемін. Біз көбінесе, интернет арқылы жұмыс істейміз. Бұл-заман талабы.  

Іріктеу кезеңінен 24 адам сүрінбей өтті. Енді олар 4 айлық оқу курстарына тегін қатысады. Солардың бірі- Елена Анцибор. Ол- 1997 жылдан бастап ҚР Ұлттық ұланы әскери институтында шет тілінен сабақ береді. Білім саласында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан ұстаз, көштен қалмау үшін білімді әрдайым толықтырып отыру керек деген пікірде.

ЕЛЕНА АНЦИБОР, ҚР ҰҰ ӘИ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Шынымен де осы сынды курстардың арқасында ой-өрісін дами түседі. Курсанттармен жұмыс істеу де жеңілдейді. Мен бұл жобаға қатысуға бірден келістім. 4 айдың ішінде біліктілігімді арттырамын деп ойлаймын. 

Оқу курсы аяқталғаннан кейін қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 6 СӘУІРДЕН БАСТАП ҚАШЫҚТАН ОҚУҒА КӨШЕДІ
20:44, 27 наурыз 2020
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 6 СӘУІРДЕН БАСТАП ҚАШЫҚТАН ОҚУҒА КӨШЕД...
Толығырақ...
КОЛЛЕДЖДЕР ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУГЕ ӘЗІР
17:07, 16 наурыз 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУГЕ ӘЗІР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...