ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

20:40, 20 ақпан 2020

Қазақстандағы жалғыз зертхана "AGRO LAB" ЖШС мен М.Қозыбаев атындағы  Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  ынтымақтастық меморандумына  қол қойды. Жоғары оқу орнында агротехнологиялық факультеттің кафедра бөлімшесі құрылады деп жоспарланған.  Ал бұл келісім, өз кезегінде студенттердің жоғары технологиялық жабдықтарда тәжірибеден өтуіне  мүмкіндік бермек.

Өңірдегі агрохимиялық зертхана топыраққа жоғары технологиялық талдау жасап, диқандарға қандай тыңайтқышты, қандай деңгейде қолдану жайында көмек береді. Қазіргі таңда зертханада ЖОО-ның магистранттары тағылымдамадан өтіп жүр. Аталмыш меморандумнан кейін тәжірбиеден өтетіндердің саны көбейуі мүмкін.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ РЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

- Біздің өңір аграрлы аймақ екенін ескеретін болсақ, бұл ынтымақтастықтың болашағы зор. Тіпті университеттегі зертхана корпусын  салу кезінде, күш-жігерді біріктіру арқылы жаңа тиімді нәтижелер алуға болады. Ал бұл өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Және  әлеуметтік-экономикалық дамуғада оң өзгеріс әкеледі деп ойлаймын.

Зертханада топыраққа қажет фосфор, гумус, калий, азот және қышқыл  сынды 6 элементке зерттеу жүргізіледі. заманауи құрал-жабдықтар талдаулардың көптеген түрін жасауға да мүмкіндік береді. Мұнда тәулігіне 280-ге жуық  топырақ үлгісін өңдеуге болады. Ал бұл шамамен 6 мың гектарды құрайды.

ДМИТРИЙ УСОВ,  «AGRO LAB» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл келісім бізге болашақта білікті мамандарды жұмысқа алуға өз септігін тигізеді. Университет түлектеріне біз ұсыныс жасап, оларды жұмыспен қамтамасыз етеміз.

Мұндай ынтымақтастық магистранттарға инновациялық даму орнында тәжірибеден өтуге және алған білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. Тыңғылықты тәжірибе - жұмысқа орналасуда табыс кепілі дейді магистранттар.

АЙСҰЛУ ОМАРАЛЫ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ АГРОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ:

- Осы агролабараторияда біз ғылыми тағылымдамадан өтіп жатырмыз. Бұл лабаратория өте аманауи құрылғылармен жабдықталған. Және мен осында өзімнің дисертациялық жұмысым бойынша зерттеу жүргізіп жатырмын.

Кәсіпорын мамандары, жоғары технологиялық зерттеулер ауыл-аймақтағы жер өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДЕР ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУГЕ ӘЗІР
17:07, 16 наурыз 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУГЕ ӘЗІР
Толығырақ...
СҚМУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ
20:43, 12 наурыз 2020
СҚМУ СТУДЕНТТЕРІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...