ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНА

17:17, 23 қазан 2020

Өңірдегі Қозыбаев университетінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің биотехнологиясы Қазақстан-Қытай зертханасы ашылды.Оған барлық қажет құрылғылар Қытай халық республикасынан арнайы әкелінген. Зертханада өсімдік вирустарын анықтап, тіпті  жаңа түрлерін өсіріп шығаруға болады. Заманауи зертхана туралы әріптесім Ж.Қайыпова баяндасын.

Бұл заманауи зертхана Қытай орман шаруашылығы институтымен бірлесе ашылған. Енді өңір студенттері мен көршілес елдің азаматтары бір-бірлерімен тәжірибе алмасып, түрлі зертханалық жобалар жасай алады. Зертханада қазіргі уақытта картопты микрокланалды көбейту және оның вирустарын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

АЙЫМГҮЛ ТАСҚҰЛОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY АГРОНОМИЯ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

- Бұл лаборатория тек қана ғылыми жұмыстарға ғана емес, сонымен қатар студенттердің, магистранттардың курстық, дипломдық жұмыстарының, сабақ барысында қолдануға өте қажет лаборатория.  Заманауи микроскоптар әкелінді. Ол жерде біз өсімдіктердің ауруларын анықтай аламыз.

Зертханаға тек микроскоптар ғана емес климат камера, стеллаждар тағы да басқа құрал-жабдықтар әкелінген. Бұл жерде жас ғалымдар тек өсімдік бактерияларын анықтамай, олардың түйнектерінен жаңа өсімдік өсіреді. Ал мына жерде қоректік орта жасалады. Ол ұлпалардан жаңа өсінді шығару үшін қажет сұйықтық.

ФАРИЗА МҰҚАНОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY АГРОНОМИЯ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл жерде біз қоректік ортаны дайындау үшін біз ең алдымен агарагар, микро, макро, сахарозалардың барлығын өлшеп алып, арнайы ыдысқа саламыз. Кейін сумен араластыру арқылы қоректік ортаны дайындаймыз.

Ал бұл қоректік орта белгілі бір температурада газда қайнатылады. Кейінен арнайы камераларда спиртпен залалсыздандырылады.Содан соң оған ұлпаларды салып, өсінділер дайындалады.

ЖАНСАЯ ҚАЙЫПОВА, ТІЛШІ:

- Өсімдік ұлпалары мынадай арнайы қоректік ортаға салынғаннан кейін, климат камераларға қойылады. Олар бұл жерде 10-15 күн тұрады. Және ылғалдылығы 60, ал ауа температурасы 18-20 градус болуы керек. Кейінен тамырлары шығып дайын болғаннан кейін, арнайы стилаждарға ауыстырылады.

Ал стилаждарда тамыры шыққан өсімдіктерге  әрі қарай күтім жасалып, күн жылығанда арнайы жекежайларға отырғызылады. Айта кетейік, мұндай заманауи құрылғылармен жабдықталған зертхана Қазақстанда тек санаулы ғана екен.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ -  ҚАШЫҚТАН ОҚУ
20:40, 20 қараша 2020
БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ АМАЛЫ - ҚАШЫҚТАН ОҚУ
Толығырақ...
№12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АВТОБУС БӨЛІНБЕК
20:46, 16 қараша 2020
№12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЙЫ АВТОБУС БӨЛІНБЕК...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...