ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖАҢА ЕМЛЕ

17:56, 31 мамыр 2019

Халық арасында жаңа әліпбидің емле, ережелерін үйрету науқаны жүріп жатыр. Осы мақсатпен өңірімізге астанадан Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» орталығының жаттықтырушы келген. Елордалық мамандар екі күн бойы жергілікті әріптестерне дәріс өткізеді.

Тіл курсына түрлі мекемеде қызмет ететін филологтар қатысуда. Латын графикасына негізделген жаңа әліпбиді меңгеріп жатқандардың бірі

Мейрамгүл Набихан. Ол ішкі істер органында аудармашы. Қосымша тәртіп сақшыларына қазақ тілі пәнінен сабақ береді.

МЕЙРАМГҮЛ НАБИХАН, ТАЙЫНША АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АУДАРМАШЫСЫ:

- Мен өте қуанышытымын. Сертификат алып, Осы курстан алған білімімді жұмыс барысында қолданамын деген үміттемін.

Жерлестеріміз Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» орталығында арнайы оқып келген филологтардың дәрісін тыңдайды. 2 күндік тіл курсынан 120 солтүстікқазақстандық сертификат алып шығады. Тең жартысы білімдерін одан әрі тереңдетпек. Олар кейін халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тартылады. 

ЖҰПАР ЖАҚАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ  БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Кешегі күні айтылым нормасына байланысты сөздің айытылым нормасы. Ауызша тіл мен жазбаша тілдің айырмашылығы. Біріккен сөздердің ерекшелігі. Жалпы қазақ графикасындағы өзгерістер құрамы. Қазақ әліпбиінің ерекшелігі деген тақырыптарға тоқталдым.

Жаңа емле, ережелерді меңгеру барысында үйренушілер тарапынан туындап жатқан сұрақ көп. Мысалы, курсқа қатысушылар Я,Ю, Ё сынды дифтонгтарды бір дыбыспен белгілеу жағын ұсынып жатыр. Алдағы уақытта Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» орталығы халықтан түскен өтініш, тілектің барлығы ескеріп, жазылым нормаларына өзгеріс енгізуі мүмкін.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСЫМША БІЛІМДІ ДАМЫТУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
20:17, 16 тамыз 2019
ҚОСЫМША БІЛІМДІ ДАМЫТУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...