ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЖАҢА ИДЕЯЛАР АУМАҒЫ

20:45, 24 сәуір 2019

Өңір жастары күнделікті тұрмсты оңтайландру және түрлі саланы жетілдіру бойынша  өзінің батыл, креативті және бірегей идеяларын ортаға салды. М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжде алғаш рет  «Жаңа идеялар аумағы»TED конференциясы өтті. 

Мағжан ақын атамыз жастарға сенім білдіріп, болашақ олардың қолында екендігін  айтып кеткен. Студенттердің маман атанып, еңбекке араласуларына аз уақыт қалды. олар қазірден қоғамға өз пайдасын тигізу бойынша идеяларын ортаға салды. М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің 4 курс студенті Айгерім Рсаева көп ұзамай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі атанбақ. Өндірістік тәжірибені мектептерде өтен ол, балалардың  қазақ тілін тиісті деңгейде білмейтінін байқаған. Бұл кемшілікті жою мақсатында ол сабақ берудің өзіндік әдісін ойлап тапты.

ӘЙГЕРІМ РСАЕВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ  ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

Колледжде алғаш рет өткізілген «жаңа идеялар аумағы» TED конференциясының қатысушылары сонымен қатар, электрмобильдер мен жүргізушісіз автомобильдер, егер жуу және тазалау құралдарынан бас тартсақ, өміріміз қалай өзгереді, кедейлікпен күрес,  артериалық гипертензияның алдын алу және тағы басқа тақырып бойынша өз ойларын білдірді.

САМАЛ ҚОЖАКЕНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ПЕТРОПАВЛ  ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Жаңа форматтағы конференцияға облыс орталығының 5 колледж студенттері қатысты. Ғылым және білім, медицина, экономика, өнер және тағы басқа салалар бойынша секцияларға бөлінген студенттер өз ойларын ортаға салып,  идеялараның бірегейлігін дәлелдеуге тырысты. Үздік атанғандарға дипломдар табысталды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕРЛЕСІМІЗ «ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ-2020» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
20:48, 27 қараша 2020
ЖЕРЛЕСІМІЗ «ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ-2020» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕР...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 25 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...