ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

17:18, 30 маусым 2020

«Радуга» серіктестігі өз өндірісіне қажетті мамандарды өзі даярлайды. Биыл кәсіпорын негізінде жаңа колледж ашылып, 11 сынып тәмамдаған мектеп түлектерін  білім алуға шақырады.  Инновациялық кәсіби даму колледжі автоматты және жартылай автоматты желі станоктары мен құрылғылардың операторларын оқытады.

«Радуга» серіктестігі жыл сайын жаңа өндіріс ашып, өңір нарығын халық күнделікті тұтынатын тауарлармен қамтып келеді. Жаңа құрылғылар мен шикізат бойынша мәселе жоқ.  Ең бастысы қажеттілік, кадр тапшылығы.  Бұл  сұранысты қамту мақсатында  серіктестік жанынан жаңа колледж ашылып, қыркүйектен бастап  мамандарды даярлау қолға алынады.

ЕВГЕНИЙ ЛИ, «РАДУГА» ЖШС МЕТАЛЛ-ПЛАСТИК БҰЙЫМДАР ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Кәсіпорын үнемі  өндіріс көлемін арттылып келеді. Осы орайда бізге   мамандар қажет. Әсіресе жаңа құрылғыларда жұмыс істей білетін жастар қажет. Серіктестік жұмысшыларына әлеуметтік жеңілдіктердің бәрімен қамтиды.  Ресми түрде жұмысқа орналасу, тұрақты жалақы, жыл сайынғы еңбек демалысы және тағы басқасы. 

Бескөл мектеп-гимназиясының қасындағы мына ғимарат осыдан бір екі жыл бұрын қараусыз қалған  еді. «Радуга» серіктестігі өз қаражатына ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, студенттердің білім алуына жағдай жасауда. Жаңа оқу жылынан бастап мұнда мектеп тәмамдаған 25 жас жұмысшы мамандығын меңгере бастайды.

ТАТЬЯНА  МИШКИНА, ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІБИ ДАМУ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің колледждің бір ерекшелігі мен артықшылығы,  барлық студенттерді 100 процент жұмыспен қамту кепілдігін береді. Оқу тегін, студенттерге ай сайынғы шәкіртақымен қатар, өндірістік тәжірибелері де төленеді. Оған қоса, оқып жүрген 1 жыл 10 ай мерзімдері еңбек тәжірибесіне қосылады.

Студенттерге мектеп гимназияның, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің оқытушылары мен  «Радуга» серіктестігінің жетекші мамандары сабақ береді. Үміткерлердің құжаттары қабылданып жатыр. Тамыздың аяғына дейін Е-гов арқылы  онлайн тапсыруға болады.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
17:23, 30 маусым 2020
КОЛЛЕДЖДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 323 МЛН ТЕҢГЕ...
Толығырақ...
ДЕНЕ ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН 4 ТҮЛЕК ҰБТ-ға ҚАТЫСТЫРЫЛМАДЫ
17:23, 29 маусым 2020
ДЕНЕ ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛГЕН 4 ТҮЛЕК ҰБТ-ға ҚАТЫСТЫРЫЛМАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
17:18, 8 шілде 2020
АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АЙШЫҚТЫ ІСТЕР
Толығырақ...