ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖАҢА ЗАҢДА ОЛҚЫЛЫҚТАР БАР

20:41, 28 қараша 2019

Бүгін Мәжілісте 1 жылдан астам талқыланған мұғалім мәртебесі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Білім және ғылым министрлігі ұсынған құжатқа депутаттар бірқатар өзгерістер де енгізді. Сонымен ұстаздарымыз енді қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға мәжбүрлі түрде тартыла ма? Олардың жалақылары өсе ме? 

Халық санағын жүргізетін, сайлауда жүгіретін, тіпті, көше тазалығына да араласатын мұғалім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстаздар қауымын мұндай жөнсіз жұмыстардан арашалап, жүктемелерін азайтуды, таусылмайтын тексерулерді тоқтатуды тапсырған болатын. Осыны ретке келтіру мақсатында жасалған заң жобасымен танысып шыққан депутаттар жаңа құжат негізгі мақсатын орындайтынына күмәнданып қалды.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Мына жерде мынадай бір қызық болып тұр. Мына 6 баптың 2 тармағында былай дейді, бірінші тармақшасында. Педагогты оның кәсіптік қызметіне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді деп жазылған. Жақсы ғой. Тамаша! Бірақ, енді заң жобасының 15 бабының 7 тармақшасында айтады. Педагог қоғамның әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамуына жәрдемдесуге міндетті дейді. Алдында өзінің жұмысына қатысты емес жұмысқа тартылмайды дейді дә мына жерде міндетті дейді. Түлкі бұлаң болып кеткен жоқ па?

– Ауру кетсе де әдет кетпейді дейді. Бір норманы жазып екіншісін қайтарып.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

- Шын мәнінде басқаша түсініп, біздің әріптестерімізді жұмысқа қайтадан тартуға осы норма тиісті мүмкіндік беруі мүмкін. Шын мәнінде бұл кемшілікті біз мойындаймыз.

Асхат Аймағамбетов олқылықтар келесі оқылымға дейін шешілетінін айтты. Ұстаздар үшін тағы да жақсы жаңалық бар. Енді олардың жалақылары елеулі өсетін болды. Министрдің мәліметінше "ананша пайызға арттырамыз деп айқайлатып айтып, ішіндегі бір бөлігін еселейтін" көзбояушылық болмайды.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

- Класс жетекшілігі үшін, дәптер тексеру үшін алатын үстемақылары 2 есе көбейіп отыр. Ол бір. Екіншіден жаңағы жалақының өсуі. Бұл жалақының өсуі БДО-ға емес, қазіргі кезде осындай үрей бар ғой. БДО ол жаңағы 17 мың теңге ғана екі есе өседі. Басқа ештеңе болмайды деген. Осындай көзқарас бар. бірақ ол дұрыс емес. Мемлекет басшысы тамыз конференциясында айтты. Мұндай көзбояушылық болмауы керек. Көтергеннен кейін шын мәнінде еңбек ақысы бар, должносной оклад дейді. Осыған байланысты жалақының өсуі болуы керек деген.

Мәжіліс спикері бұған дейін мұғалімдер қауымымен кездесіп, мәселелерін өз ауыздарынан естіген. Қойған сұрақтарының ішінде күнделік кз бар. Ондағы кей ақпарат ата аналарға ақылы түрде беріледі екен. Нұрлан Нығматулин Білім және ғылым министріне мәселені анықтап, жуық арада шешуге тапсырма берді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ  ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІНЕ 89 ЖЫЛ
20:48, 20 қараша 2019
ПЕТРОПАВЛ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ 89 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...