ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

«ЖАСТАР – ЖАСАМПАЗДЫҚ БАСТАУЫ»

15:05, 15 сәуір 2019

Петропавлда «Жастар-жасампаздық бастауы» атты облыстық пікірталас ойыны өтті. Дебат «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған. Қазақ және орыс тілдерінде өткен ойынға облыстың мектеп оқушыларынан, колледж және университет студенттерінен құралған 15-ке жуық команда қатысты.

Пікір-талас ойынына қатысушылар әлеуметтік мәселелер жайлы ойларын білдіруде. Ойын Британдық парламенттік дебат форматында өтті.  Ережеге сәйкес, пікірталас үкімет және айқындама қатысушылардан тұрады. Әр  командада екі ойыншыдан.

БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ПІКІРТАЛАС ОЙЫНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Осы турнирде көптеген еліміздегі актуалды мәселелер қозғалатын болады. ОЛ жастардың арасындағы түрлі әлеуметтік мәселерге байланысты, жастардың арасындағы әлеуметтік желідегі орын алтын түрлі оқиғаларға байланысты, қоғамда алатын түрлі әділетсіздіктер, солармен қалай күресі қажет, осының тұрғысында көкейкесті тақырыптар қозғалатын болады.

Пікірталас ойындары жастардың логикалық ойлауын, сөз шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойынға қатысушы Жәния Сарсембаеваның айтуынша, ең бастысы, дебат, көпшілік алдында өз ойыңды жетік жеткізуді үйретеді екен.

ЖӘНИЯ СӘРСЕМБАЕВА, «BLITZKREID» ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Менің пікірталас ойынына қатысып жүргеніме жарты жыл болды. Осы уақыт аралығында 5-ке жуық ойын өткіздім. Әрине, алғашында, басқа қатысушылардың алдында өз ойымды білдіру қиынға соқты. Қатты қобалжығаным есімде. Бірақ, әр ойыннан соң тәжірибе жинап, өз күшіңе, ойыңа, айтқан сөзіңе сенімді боласың.  Мұндай қасиет, күнделікті өмірде оң әсерін тигізеді. 

Бұл пікір талас ойыны «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған. Аудандық және облыстық кезеңдерден сүрінбей өткен құрама республикалық сайысқа жолдама алады. Жастар саясаты мәселелері басқармасы жастардың белсендігін арттыру мақсатында «Жастар-жасампаздық бастауы» атты  пікірталас сайысын бірнеше жыл қатарынан өткізіп келеді.

ГҮЛДАНА РЫСБАЕВА, ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Биылғы жылы Жастар жылы аясында республикалық жол картасы аясында 50 млн-ға дейін республика бойынша осы дебаттық қозғалысты дамытуға ақша бөлініп отыр. Биылғы жылы осы «Северный фестиваль» жастардың қоғамдық бірлестігі ұлттық мұра пікір сайы орталығымен дебаттық сайыстарды ашып отырмыз.

Сайыс қорытындысы бойынша 15 команда арасынан қазақ тілінде  «Император» және орыс тілінде «blitzkreid» тобы жеңіске жетті. Ал ең үздік ойыншы болып Арман Мағазов пен Ақбота Бакирова танылды. Бұл командалар енді республикалық кезеңде облыс намысын қорғамақ.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«БІЛІМ МЕН ЖҰЛДЫЗ АЙЛАҒЫ» СЫЙАҚЫСЫ ТАБЫСТАЛДЫ
21:27, 19 сәуір 2019
«БІЛІМ МЕН ЖҰЛДЫЗ АЙЛАҒЫ» СЫЙАҚЫСЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...