ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ЖАСТАРДЫ СЕРПІЛТКЕН «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫ

18:08, 10 қыркүйек 2019

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ биыл 166 студент «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсті. Аталмыш бағдарлама елімізде 2015 жылы іске қосылды.  Басты мақсат, оңтүстіктен солтүстікке білім қуып келген түлектерге  сапалы білім беріп, жұмысқа орналастыру. Жастар арасында едәуір сұранысқа ие болған бағдарлама жайлы келесі бейнематериалымызда.

Облысымыздағы жалғыз ЖООда  бүгінгі күні  1036 студент  «Серпін» бағдарламасы арқылы білім алуда.  Оңтүстіктен келген жастарға толық жағдай жасалған, мәселен олардың барлығы дерлік жатақханамен қамтылған. Өткен жылы университет қабырғасын  «Серпін» бағдарламасымен келген 122студент тәмәмдаса олардың 78 пайызы жұмыспен қамтылыпты. Ал 28-і магистратураға түсіп, оқуын әрі қарай жалғастыруда.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ  АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫНЫҢ М. А.:

- «Серпін» бағдарламасы арқылы студенттерге грант түрлі университеттерден бөлінген. Соның ішінде бізге 166 студент оқуға түсіп отыр. Шет тілі, екі шет тілі мамандықтарына сұраныс өте көп. Биыл 30 студент қабылдадық. Және  ақпараттық коммуникация мамандығына студенттер жиі түседі, биылғы жылы 24 студент түсті.  Басқа да техникалық мамандықтарға сұраныс көп.  

Жастарды солтүстікке тартқан  «Серпін» бағдарламасы 2015 жылы іске қосылды. Дегенмен өткен жылмен салыстырғанда СҚМУді  таңдағандардың саны екі есе кеміпті.   Себеп,  жергілікті аймақ әкімдерінің жеке гранттары санының көбейуі. Аталмыш бағдарлама арқылы білім алып жүргендердің бірі – қызылордалық Шыңғыс Оразмаханов. Ол агрономия факультетінің 2 курс студенті. Болашақта оқуымды жақсы аяқтап,  Қызылжар өңірінде еңбек жолымды бастасам деген арманы бар.

ШЫҢҒЫС ОРАЗМАХАНОВ, СТУДЕНТ:

- СҚО агротехнология факультеті еліміздегі алдыңғы факультеттердің бірі болып саналады. Қазіргі уақытта агрономия мамандығы қатты дамып келеді. Және бұл университеттің бізге берері мол. СҚО және университетт бізге не жағдай жасап отыр? Ең алдымен тегін жатақханамен қамтамасыз етілу ол бірінші болса, және білімімізді арттыруға көптеген мұғалімдер, профессорлар көмектеседі. Студенттердің дамуы үшін түрлі ұйымдар, клубтар жұмыс істейді.

Университет түрлі шет мемлекеттермен де келісімге отырғандықтан, білім ордасының студенттері көршілес елдерге де барып тәжірибе жинақтай алады. Сондай-ақ әрбір оқу бітірген түлекі жұмыспен қамтамасыз етуге де тырысамыз дейді білім мекемесінің басшлығы.   

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...