ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

ЖАСТАРҒА ДЕМЕУ

17:54, 15 мамыр 2019

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың түлектеріне 500-ден астам жұмыс орыны ұсынылды. Бүгін білім ордасында бос орындар жәрмеңкесі өтіп, оған облыстың түпкір-түпкірінен келген 80-ге жуық жұмыс беруші мекеме қатысты. Қазіргі таңда қандай кадрлар сұранысқа ие, жәрмеңке қашанға дейін жалғасады? Келесі бейнематериалда толығырақ.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Биыл оқу бітіретін түлектерге жұмыс іздеп сабылудың қажеті жоқ. Өйткені университет қабырғасында бүгін бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Екі қолға бір күрек іздеген студенттерге 30-ға жуық мамандық бойынша 500-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылып отыр.

Университетке жиналған студенттердің қарасы қалың. Барлығы да оқуларын тәмамдаған соң жұмысқа орналасып, өз мамандықтары бойынша еңбек еткісі келеді. Солардың бірі Лаура Сатыпалдиева. Бойжеткен болашақта информатика пәнін үш тілде беретін болады. Қыстың қамын жазда ойла демекші, алдын ала жұмыс орнын айқындап алғысы келеді.

ЛАУРА САТЫПАЛДИЕВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ:

Біз осы мамандық бойынша ең алғашқы түлектерміз. Ең алғашқы жәрмеңкеге қатысуымыз. Әлі лайықты жұмысты тапқан жоқпыз бірақ. Іздеп жатырмыз, иә әрине. Мекитеп жетекшілері өздерінің условияларын айтып, бізге сәйкес келеді ме, сағат сандарын барлығын осы жерде талқылауға болады.

Жәрмеңкеге сонау шалғай ауылдардан да түрлі мекеме өкілдері келген. Барлығы да өздеріне керекті маман іздеуде. Мысалы Шал ақын ауданына қарасты Бірлік ауылындағы орта мектеп директоры Серғазы Бисенбаевтың айтуынша оларға тарих, информатика және математика пәндерінің мұғалімдері қажет.

СЕРҒАЗЫ БИСЕНБАЕВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ, БІРЛІК АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі таңда ауылды жерлерде әрине мұғалімдер жетіспеушілігі сезіледі. Сондықтан міне жәрмеңкеге келіп отырмыз. Негізі мектепте барлық жағдай жасалынған. Ауылдық мектептер болған соң сағат саны аз болса да барлық жағдай жасалған.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бүгінде еліміздегі үздік оқу орындарының бірі. Мұнда басқа облыстардан бөлек, Үндістан, Армения, Ресей, Өзбекістан сынды шетелдерден келіп білім алып жатқан жастардың қатары қалың. 2018 жылғы статистика бойынша оқу орнындағы студенттердің саны 7,5 мың. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Сондықтан оларды нәтижелі жұмыспен қамту шаралары қолға алынған. Бүгінгі жәрмеңке солардың біреуі.

НАТАЛЬЯ ПОБЕЖУК, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл 331 түлек педагогикалық мамандық бойынша  оқуларын тәмамдағалы жатыр. Сондықтан облыстық білім басқармасы мен университет бірігіп осындай бос орындар жәрмеңкесін өткізуді жөн санадық. Өйткені жастарды демеп, оларға бағыт бағдар беріп, жұмыс табуына көмектесу біздің міндетіміз. Бүгінде университет түлектерінің 86 пайызы еңбекпен қамтылған.

Жәрмеңке екі күнге жалғасады. Бірінші кезеңде педагогтар жұмысқа қабылданса, екінші кезеңде техникалық мамандықтар бойынша жұмыс орындары ұсынылмақ.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢА ПӘНДЕР ЕНЕДІ
21:05, 27 маусым 2019
БИЫЛ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢА ПӘНДЕР ЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...