ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ Толығырақ

ЖЕРГІЛІКТІ УНИВЕРСИТЕТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖАСАЛАДЫ

20:37, 6 ақпан 2020

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары мен магистранттары «Линозирус вилоса» деп аталатын ерекше өсімдіктен дәрі-дәрмек жасап шығарды. Бұл дәрілік препарат қандай дертке ем? Оны жасау жолдары қандай? Әріптесім баяндасын.

Бүгінде оқу орынының химия және химиялық технологиялар кафедрасында студенттер үш саты бойынша оқытылады. Олар әрине бакалавриат-магистратура-докторантура. Биылдан бастап кафедрада "Химиялық эксперимент және аналитикалық бақылау" – деп аталатын жаңа мамандық пайда болды. Одан бөлек мұнда химия пәнінің үш тілді оқытушыларын даярлайды.

 АНТОНИНА ДЮРЯГИНА, «ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ДОЦЕНТ:

- Біздің басқа кафедралардан айырмашылығымыз, мұнда көптеген ғылыми мектептер қарастырылған. Химия бұл эксперименттермен байланысты сала. Сондықтан әрбір профессордың, химия ғылымдары докторларының өздерінің бағыттары бар. Егер сіздің тәжірибе жүзінде біліміңіз таяз болса, онда дипломдық жұмыс жаза алмайсыз немесе емтиханнан өте алмайсыз.

Зертханада жұмыс қызған. Магистранттармен білікті маман, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Валентина Назарова эксперимент жүргізуде. Олар табиғи заттардан амин қышқылды ажыратып, дәрі-дәрмекке қолданбақшы.

ЛИЛИЯ МИХАЛЬЧУК, МАГИСТРАНТ:

- Маған өсімдіктерді зерттеп, олардан түрлі экстракттар алған қатты ұнайды. Білімімді толықтыру үшін осы оқу орнын таңдадым. Өйткені мұнда білікті мамандар дәріс береді.

Валентина Назарова «Витин» дәрілік препаратын жасап шығарды. Ол – бүгінде клиникалық сараптамадан да өткен.

ВАЛЕНТИНА НАЗАРОВА, ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ:

- Біз үш түрлі дәрілік қалыпқа қол жеткіздік. Қажетті өсімдікті бізге биолог Николай Колодченко берді. Ол бұл өсімдіктерді жазғы экспедиция кезінде жинаған екен. Ол «линозирус вилоса» деп аталады.   

Емдік қасиеті бар бұл өсімдік өңірдің жазық даласында өседі. Ал «Витин» дәрілік препараты тері ауруларын емдейді, гемоглобин төмендегенде көмектеседі екен.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:04, 21 ақпан 2020
ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
17:52, 19 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...