ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ЖЕРЛЕС ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

20:43, 17 ақпан 2020

Енді өңіріміздегі аудан, ауыл-аймақ туралы мәлімет алу үшін архивты ақтарып немесе тарихи құжаттарға үңіліп жатудың қажеті шамалы. Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандарылған гимназия-интернатының оқушысы QR-код арқылы елдімекендер жайлы ақпарат беретін кітапша жасап шықты. Білім ошағының тағы бір оқушысы «У сарғалдақ» деп аталатын өсімдіктің емдік қасиетін ашты. Дарындылар өз жобаларын республикалық байқауда қорғап, жүлделі орындарға да ие болды. Әріптесім Нұрсұлтан Тілектесов дайындаған бейнематериалға зер салсақ.

Өңірімізде 600-ден астам елді мекен бар. Бірақ сол ауылдардың атауларының шығу тарихын біреу білсе, біреу білмес. Осы мәселені оңтайландыру үшін, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының 9 - сынып оқушысы Әдия Еркін QR-код арқылы ауыл-аймақтар жайлы ақпарат беретін кітап жасап шықты.

ӘДИЯ ЕРКІН, Ә. ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Ғылыми жобаны екі жыл көлемінде жаздық. Бұл жобаны еліміздегі белгілі адамдардың атына қойылған жер, су атауларын әрі арай қарай дәріптеу мақсатында, елге таныту, құрылымдық ерекшеліктерін, жасалу жолдарын, шығу тарихын зерттеу мақсатында жазған болатынбыз. Жалпы жобаны жасау барысында аймақтық топонимдер жүйесінде кездесетін антропонимдердің осы өңірде туып өскен, сол жерді көркейтуге үлес қосқан ата-бабаларымыздың есімі екендігі анықталды.

Өз жобасын Әдия  11-14 ақпан аралығында Алматыда өткен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар» байқауында сәтті қорғап, бас жүлдені жеңіп алды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Өте пайдалы кітап. Қолдануға да ыңғайлы. Мысалы ұялы телефоныңыздың камерасын қосып, мына көрсетілген QR – кодтың үстіне ұстасаңыз жеткілікті. Кез- келген ауыл-аймақ, аудан жайлы мәліметтер, сондай-ақ олардың атауларының шығу тарихы шыға келеді. Мысалы Баймағамбет ауылын алайық. Жамбыл ауданы дейді. Тіркескен күрделі сөз. Ауыл белгілі ақын Баймағамбет Ізтөлиннің құрметіне берілген. Керемет! 

Білім ошағының тағы бір оқушысы Айгерім Қабдолқалиқова «Усарғалдақ» өсімдігінен дәрі істеуге болатынын анықтады. Бұл шөпті кезінде ата-бабаларымыз емдік бағытта қолданыпты.  Дегенмен уақыт өте келе ол   ұмыт болған.

АЙГЕРІМ ҚАБДОЛҚАЛИҚОВА, Ә.ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

- Мен ойлап тапқан фитопленка медицина бағытында қолданылады. Нақтырақ айтсақ стоматология мен дерматологияда. Стоматологияда қызыл иектің қызаруын тоқтатып, жақсы сезінуіне көмектеседі. Антибиотик ретінде де қолдануға болады.

Усарғалдақтан жасалған фитопленканың сүйелді кетіруге де көмегі бар екен. Айгерім де қатарласы Әдия секілді бұл жобасын Алматыда өткен байқауда қорғап, жүлделі оралды.

АЙНАГҮЛ ЕСҚАЛИЕВАӘ. ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Балаларымыз біздің облыстық мұрағатқа барып, мұражайға барып өздеріне қажетті заттарды алып келеді. Сондай-ақ СҚМУ оқытушыларымен тығыз байланыстамыз. Ол кісілер ұйымдастырушы ретінде бағыт-бағдар беріп отырады.

Бүгінде таңда білім ошағында 400-ден астам оқушы білім алуда. Соның 50-ге жуығының ғылымға қызығушылығы бар.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН  ЖАҢАРТУ ҮШІН 1 МЛРД 263 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:36, 25 мамыр 2020
КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК БАЗАСЫН ЖАҢАРТУ ҮШІН 1 МЛРД 26...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...