ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ЖЕРЛЕСІМІЗ «ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ-2020» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

20:48, 27 қараша 2020

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Дина Құдабаева «Қазақстан мұғалімі-2020» Ұлттық Сыйлығының иегері атанды. Екі кезеңде өткен білім додасында мықты деп танылған  тәжірбиелі ұстаз 2021 жылы өтетін   «Әлем мұғалімі» Жаһандық БАЙҚАУҒА жолдама алды. Тілшіміз тарқатады.

Дина Айтжановна Құдабаева –  физика пәнінің мұғалімі, модератор, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. Петропавл қаласындағы НЗМ-де ашылған күннен бастап еңбек етіп келеді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі ретінде қала және облыс мектептерінің мұғалімдеріне  шеберлік-сғаттарын жиі  өткізеді.  Үздіксіз ізденуінің нәтижесінде ол биыл «Қазақстан мұғалімі-2020» Ұлттық Сыйлығының иегері атанды.

ДИНА ҚҰДАБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ-2020» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

- «Қазақстан мұғалімі -2020» байқауы екі кезеңде өтті. Бірінші бөлімде эссе және өз педогогикалық қызметіміз жайында бейнеролик тапсырдық. Барлық қажетті құжаттар мен шығармашылық жұмыстарды тапсырған соң қазылар алқасы үздік 50 мұғалімді анықтады. Оның ішінде түрлі пәннен 10 мұғалім Ұлттық Сыйлық лауреаты атанды. 2021 жылы Қазақстан атынан «Әлем мұғалімі» Жаһандық байқауға 10 педагог жолдама алдық.

Жүлде иесіне 10 грамм құйма алтын және  ақшалай сыйлық табысталған. Дина Айтжанқызының Ұлттық сипаттағы салмақты жүлдеге ие болуы оның жан-жақты ізденімпаздығынан дейді НЗМ директоры Данияр Уәлиев.

ДАНИЯР УӘЛИЕВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Дина Айтжанқызы өте еңбекқор. Қойған мақсатына нық жететін азаматтардың бірі. Ізденімпаз өз өзіне талапты жақсы қойып соған жететін азаматтардың бірі. Оқушылармен көптеген ғылыми жұмыстар жазады. Жыл сайын   қала, облыс, халықаралық байқауларда жүлделі орындар алып жатады.

2019 жылы Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры «Global Teacher Prize» Жаһандық сыйлығының ресми өкілі атанып, «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығын тағайындады. Байқаудың мақсаты – озық мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу, сондай-ақ елімізде педагог беделін арттыру болып табылады.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
13:01, 18 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АДАМНЫҢ ИММУНИТЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ДӘРУМЕНДІ ЖАСАП ШЫҒАРДЫ
20:44, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АДАМНЫҢ ИММУНИТЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ДӘРУМЕНДІ Ж...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...