ШҰҒЫЛ! ДУБАЙДАН ҚОЛА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ ЖҰМЫСЫ

20:55, 9 қаңтар 2019

Бүгінгі таңда облыс көлемінде 140-тан аса медициналық кадр жетіспейді. Бұл мәселенің шешімін табу мақсатында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жалпы медицина мамандығы ашылған еді. Болашақ дәрігерлер қазірдің өзінде, облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы және 3 қалалық емханада білімдерін шыңдап келеді. Келесі бейнематериалымыз, шаһарымыздағы жоғарғы оқу орнында тұңғыш ашылған медициналық факультет жайында болмақ.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ биыл ашылған медицина мамандығында 185 студент тәлім алуда. Оның 70-ке жуығы тегін, қалған 110-ға жуық талапкер ақылы оқу жүйесі бойынша білім алып жатыр. Білім алушылардың арасында Грузия, Ресей, Түркіменстан студенттері бар және Үндістан елінен 78 жас  келіп отыр.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ  БІРІНШІ ПРОРЕКТОРЫ:

- Үндістан елінен келген студенттеріміз үшін оқу 1 қараша айынан басталды. Сабақтары тек ағылшын тілінде өтеді. 10 оқу корпусының екі қабатында жоғары медицина  мектебінің студенттері үшін жатақхана жабдықтадық. Жалпы медициналық әдебиеттерді сатып алу үшін, электрондық базаны толықтыру үшін алдағы жылы 140 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалмақ.

Шетелдік студенттерімізге сапалы білім беру үшін, Иордания, Сауд Арабия елінен, АҚШ-тан және еліміздің үздік медициналық университеттерінен 8, ал келер жылы, тағы басқа да шет елден 11 ғалым шақыртылмақ. Шетелдік бір оқытушыға 4 апталық дәрісі үшін 1,5 млн теңге қаражат жұмсалды. Алайда сапасы жоғары білім, болашақ медицина мамандары үшін өте маңызды екенін ұмытпаған жөн.

ӘСЕТ ІЗДЕНОВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Студенттер бірінші жарты жылдықта қазақ, орыс және ағылшын тілдерін, Қазақстан тарихын, молекулярлық биология және медициналық генетика, медициналық психология сынды пәндер бойынша білім алды.

Қазіргі таңда университетте 13 студент интернатурада оқып жатыр. Болашақ дәрігерлер облыстық аурухана, облыстық балалар ауруханасы және 3 қалалық емханада білімдерін шыңдап келеді. Айта кеткен жөн, 2021 жылы 12 қабаттық оқу корпусы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екі қабатында заманауи техникалармен жабдықталған медицина кабинеттері болады.  

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСЫМША БІЛІМ БАҒЫТЫНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
18:46, 15 наурыз 2019
ҚОСЫМША БІЛІМ БАҒЫТЫНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ
15:09, 20 наурыз 2019
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
 Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы
17:27, 23 наурыз 2019
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақст...
Толығырақ...