ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА СЕНАТОР Е.СҰЛТАНОВ КЕЛДІ Толығырақ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

20:47, 8 шілде 2020

Тұңғыш президент Н.Назарбаев ұсынған  Ұлт жоспарының 78-інші қадамына сәйкес  өңіріміздегі жалғыз мемлекеттік жоғары оқу орны 1 шілдеден бастап "Солтүстік Қазақстан университеті"коммерциялық емес акционерлік қоғам  болып қайта құрылды.  

Бұл оқу ордасының білім сапасына  еш әсер етпейді. Университет оқытушылары бакалавриат пен магистратура және докторантура бойынша білім беру қызметтерін ұсынатын болады. Ерекшелігі, университетке түскен қаражат оқу ордасында қалып, материалдық-техникалық базасын жаңартуға септігін тигізбек. Және келер жылдан еліміздегі барлық  университеттер  өз үлгісіндегі дипломдар бере бастайды. Қазіргі уақытта жергілікті жоғары оқу орнында орын алған өзгерістерге байланысты    логотипі де өзгертілді.   

ЕРБОЛ  ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ УӘКІЛЕТТІ ТҰЛҒАСЫ:

- Айта кетейін, бұл өзгерістер білім беру жүйесіне еш әсер етпейді. Бұл жаңашылдық тек біздің оқу орнымызға  ғана емес, еліміздегі барлық ЖОО қатысты.30 маусым күні барлық университет ұжымымен келісіп логотипімізді « Kozybaev university» етіп өзгерттік. Қазіргі уақытта дипломдардың үлгісі дайындалуда.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШАЛҒАЙ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ӘДЕТТЕГІДЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕМЕК
20:37, 15 шілде 2020
ШАЛҒАЙ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ӘДЕТТЕГІДЕЙ ЖҰМЫС ІСТЕМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
20:37, 29 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ТОЙ ЖАСАП ТҰТЫЛҒАНДАР
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
20:35, 30 шілде 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ
Толығырақ...
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
20:42, 30 шілде 2020
КӨШЕДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАСКА ТАҒЫП ЖҮРУ ТАЛАБЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...