ШҰҒЫЛ! АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ Толығырақ

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДИКТОРДЫҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ

21:05, 27 ақпан 2019

Қазақ телевизиясындағы жаңалықтар бағдарламасының алғашқы жүргізушісі, тележурналист, Совет Масғұтов бүгін көзі тірі болса 80 жасқа келер еді.

С.Масгутов 1939 жылдың 27 ақпанында  Уалиханов ауданы, Чапаево совхозында дүниеге келді. Ол - Отандық телеэкран тарихында қазақ және орыс тілдерінде ерлер арасынан шыққан тұңғыш диктор, алғашқы комментатор, телерепортажды бірінші жүргізуші. Совет Масғұтов түрлі тақырыпта жұртты елең еткізетін материалдар жаза білу қабілетімен үнемі басқалардан ерекшеленетін. Оның бастамасымен көгілдір экранға «Мыңда бір рахмет», «Пай – пай жиырма бес», «Алтыбақан», «Сырласу», «Достық экраны» сынды бағдарламалар шықты. Ол - телевизиядағы жұмысынан бөлек ағартушылық қызмет атқарды. Сондай – ақ ол студенттерге арналған «Журналистикаға кіріспе» және  «Көгілдір экран – өмір айнасы» атты оқу әдістемелік құралдардың авторы. Жерлесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар